Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысады

© Photo : ЦИК КазахстанаТүркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің жиыны
Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің жиыны - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2025
Жазылу
Саммит 20-21 мамырда Мажарстанда өтеді
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысады, деп хабарлады Ақорда.
"Президент 20-21 мамыр күндері Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Мажарстанға барады", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, былтыр саммит 6 қарашада Қырғызстанда өткен болатын. 11-ші саммитке қатысу үшін мемлекет басшысы Бішкек қаласына барды.

Түркі елдерін кім жинады

1992 жылы Түркияның сол кездегі президенті Тұрғыт Өзалдың бастамасымен Анкарада түркі елдерінің алғашқы саммиті ұйымдастырылды. Оған Әбілфайыз Елшібей, Ислам Кәрімов, Нұрсұлтан Назарбаев, Сапармұрат Ниязов пен Асқар Ақаев барды. Ол кезде ешқандай ұйым құрылған жоқ. Екінші саммит те Ыстанбұлда өтті. Сол жиында Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Еуропа мен Қытайдың қатысуымен Еуразиялық экономикалық одақты құру идеясын да жариялады. Бірақ түркі мемлекеттер алдымен өзара ықпалдасу жолдарын табуға тырысты. Ол үшін бір ұйым құру қажет еді.
2009 жылы Әзербайжанның Нахчвыван қаласында түркі елдерінің жетінші саммиті өтті. Сонда Әзербайжан, Қазақстан, Түркия мен Қырғызстан "Түркі кеңесі" халықаралық ұйымын құруға уағдаласты, арнайы келісімге де қол қойылды. Түрікменстан бейтарап мәртебесін алға тартып, ұйымға кіруден бас тартты. Өзбекстан да асыққан жоқ. Бірақ президенті ауысқаннан кейін Түркі кеңесінің құрамына кірді.
2021 жылғы саммите Түркі кеңесінің атауы "Түркі мемлекеттерінің ұйымы" болып өзгертілді. Ал Түрікменстан оған бақылаушы болып қабылданды. Одан бөлек, бүгінде Мажарстан мен Солтүстік Кипр де бақылаушы мәртебесіне ие.
Токаев в Саудовской Аравии - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.12.2024
Тоқаев One Water саммитіне қатысу үшін Сауд Арабиясына барды
Жаңалықтар
0