Мәжіліс құмар ойындарға қатысты қосымша шектеу енгізуді ұсынды

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуКазино
Казино - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2026
Жазылу
Оның айтуынша, "онлайн-ставкалар" мен құмар ойындар саласын реттеуді де жетілдіру керек
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Мәжіліс депутаты Асылбек Нұралин құмар ойындарға қатысты қосымша шектеу енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Соңғы зерттеулерге сәйкес, халық тығыз орналасқан қалалар мен елді мекендерде ішімдік пен шылымды шектен тыс тұтыну, сондай-ақ, есірткі мен құмар ойындарға тәуелділік артып келеді.
"Қазір ресми мәліметтер бойынша шамамен елде 18 мың адам есірткіге тәуелділік бойынша есепте тұр, алайда сараптамалық бағалаулар, олардың нақты саны бұдан әлдеқайда көп екенін көрсетіп отыр. 100 мыңнан астам азаматтар маскүнемдіктен зардап шегіп отыр. Бұдан бөлек, шамамен 300 мың азаматта құмар ойындарына тәуелділік белгілері бар", - деді Нұралин мәжілістің бүгінгі отырысында.
Әсіресе, жастар арасында теріс әрекеттер көбейіп барады. Осыған байланысты Нұралин үкіметке депутаттық сауал жолдап, бірнеше ұсыныс жасады.
"Кәмелетке толмағандарды қорғау мақсатында темекі және алкоголь өнімдерінің айналымы мен жарнамасына, сонымен қатар цифрлық және онлайн арналарда бақылауды күшейту керек", - деді Нұралин.
Оның айтуынша, "онлайн-ставкалар" мен құмар ойындар саласын реттеуді де жетілдіру керек. Соның ішінде жастар мен әлеуметтік осал топтардың қолжетімділігін шектеудің қосымша тетіктерін енгізген жөн.
Фишки в казино, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2026
Ұлытау облысында 40-қа жуық мемлекеттік қызметші құмар ойын ойнаған
Жаңалықтар
0