Ұлытау облысында 40-қа жуық мемлекеттік қызметші құмар ойын ойнаған

© Photo : Пресс-служба Генеральной прокуратуры КазахстанаФишки в казино, иллюстративное фото
Фишки в казино, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2026
Жазылу
Олардың "Olimpbet" және "1XBET" букмекерлік компанияларында бәс тіккені белгілі болды
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Ұлытау облысының прокуратурасы мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысу фактілерін анықтады.
Талдау барысында 36 мемлекеттік қызметші, оның ішінде 10 басшы, "Olimpbet" және "1XBET" букмекерлік компанияларында бәс тіккені белгілі болды.

"Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесімен мемлекеттік қызметшілер қызметінен босатылды", - дейді Бас прокуратура.

Айта кетері, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заң сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады және қоғамның мемлекеттік қызметке деген сеніміне нұқсан келтіретіндіктен мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салады.
Фишки казино - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2026
Екібастұзда он мемлекеттік қызметші құмар ойын ойнаған
Жаңалықтар
0