Зейнетақы жинағын пайдаланудың жаңа әдістемесі қалай өзгереді

© Sputnik / Санат ИмангалиевВиды Астаны
Виды Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2026
Жазылу
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ең төменгі жеткіліктілік шектерін есептеудің жаңа әдістемесіне қандай өзгеріс енгізілетінін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қордың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі жүйенің кемшілігі қандай?

Қолданыстағы әдістемеге сәйкес, ең төменгі жеткіліктілік шектері жыл сайын бекітілген әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер негізінде бекітіледі. Ондайда ең төменгі жалақы мөлшері мен инвестициялық кірістілікпен жиналатын болашақ зейнетақы жарналарының болжамды көрсеткіштері ескеріледі. Осы әдістеменің негізгі кемшіліктері:
ұзақ мерзімді макроэкономикалық болжамдарға тәуелділік, соның салдарынан жыл сайын ең төменгі жеткіліктілік шектері құбылып тұрады;
болашақ зейнетақы жарналарының нақты төленуіне кепілдіктің болмауы;
болашақ зейнетақы төлемдері мөлшерінің аздығы.
Оған қоса, қазіргі әдістеме бойынша ең төменгі жеткіліктілік шегінен асқан жинақтар алынса да, адам ары қара жұмыс істеп, зейнетақы жарналарын аудара береді деген болжам болған. Мұндай жағдайда болашақта шамамен қазіргі күнкөріс минимумын, яғни ай сайын 50 мың теңгеге жуық төлем алуға мүмкіндік бар.
"Алайда іс жүзінде жарналар тұрақты аударылмауы немесе мүлдем тоқтатылуы мүмкін. Соның себебінен бүгінгі ең төменгі жеткіліктілік шектері болашақ зейнетақы көлемінің жеткіліктілігін қамтамасыз ете алмайды деген қауіп бар. Сосын жарналар уақытылы аударылған күннің өзінде 50 мың теңге көлеміндегі жинақтаушы зейнетақы бүгінгі медианды жалақының 15 пайызына да жетпейді", - дейді қор мамандары.

​Жаңа әдістеменің ерекшелігі неде?

Жаңа әдістеме зейнетақы төлемдерінің неғұрлым жоғары және болжамды деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған. Оған сәйкес, ең төменгі жеткіліктілік шегінен жоғары жинақтарды алғаннан кейін болашақ жинақтаушы зейнетақы мөлшері медианды жалақының кемінде 40 пайызын құрайды. Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2025 жылдың соңында медианды жалақының мөлшері 339 912 теңге болған.
"Сонымен қатар, ұсынылған әдістемеде жеткіліктілік шектері болашақ жарналарға және көптеген макроэкономикалық көрсеткіштердің жыл сайынғы болжамды өзгерістеріне байланысты болмайды. Ең төменгі жеткіліктілік шектері қазіргідей салымшының жасына байланысты болады. Азамат зейнеткерлік жасқа неғұрлым жақын болса, болашақ зейнетақыны қамтамасыз ету үшін ең төменгі жеткіліктілік шектері соғұрлым жоғары болуы керек", - делінген ресми хабарламада.
Осылайша, жаңа формула бойынша мақсатты мөлшерде зейнетақы алуды қамтамасыз ететін сома дәл қазір салымшының жеке зейнетақы шотында болуы тиіс. Ең төменгі жеткіліктілік шектері де соған қарай бекітіледі. Болашақ төлемдерді есептеу кезінде инфляция мен инвестициялық кіріс те ескеріледі.
Пожилой мужчина, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.04.2026
Зейнетақы жинағын пайдалану шегі көтеріледі – министрлік себебін түсіндірді
Жаңалықтар
0