https://sputnik.kz/20260520/qurban-ayt-astanada-qurbandyq-shalu-rasimi-otetin-oryndar-belgilendi-63589351.html
Құрбан айт: Астанада құрбандық шалу рәсімі өтетін орындар белгіленді
Құрбан айт: Астанада құрбандық шалу рәсімі өтетін орындар белгіленді
Sputnik Қазақстан
Құрбандық шалу рәсімі күн сайын сағат 07:00-ден 18:00-ге дейін тек ресми түрде бекітілген орындарда ғана жүргізіледі 20.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-20T20:03+0500
2026-05-20T20:03+0500
2026-05-20T20:04+0500
астана
құрбан айт
құрбан шалу
https://sputnik.kz/img/07e6/07/0b/26060124_0:1:3639:2048_1920x0_80_0_0_7456fbe17d0b0bef0a847338d12e40d9.jpg
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Астанада биыл 27-29 мамыр аралығында өтетін Құрбан айт күндері құрбандық шалынатын арнайы орындар белгіленді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Еске салайық, елордада Айт намазы 27 мамыр күні таңғы сағат 06:00-де қаланың барлық мешітінде оқылады.Құрбандық шалу рәсімі күн сайын сағат 07:00-ден 18:00-ге дейін тек ресми түрде бекітілген орындарда ғана жүргізіледі.Осы мақсатта елордада бес мамандандырылған алаң белгіленді:Құрбандық шалу рәсімін арнайы белгіленген орындардан тыс жерде өткізуге болмайды, дейді әкімдікте.Мереке қарсаңында тұрғындар санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринариялық талаптарды сақтауы қажет. Мамандар етті тек тексерілген орындардан сатып алуды, өнімнің сақталу жағдайына назар аударуды, сондай-ақ жеке гигиена мен санитарлық қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады.Сонымен қатар, мал союдан қалған қалдықтарды белгіленген тәртіппен кәдеге жарату қажет, оларды қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлерге тастауға тыйым салынады.
https://sputnik.kz/20260520/almatyda-qurban-shaluga-ruqsat-etilgen-12-oryn-belgilendi-63585869.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/0b/26060124_454:0:3185:2048_1920x0_80_0_0_556e66d26d668261d3e821e596effef0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, құрбан айт, құрбан шалу
астана, құрбан айт, құрбан шалу
Құрбан айт: Астанада құрбандық шалу рәсімі өтетін орындар белгіленді
20:03 20.05.2026 (жаңартылды: 20:04 20.05.2026) Құрбандық шалу рәсімі күн сайын сағат 07:00-ден 18:00-ге дейін тек ресми түрде бекітілген орындарда ғана жүргізіледі
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Астанада биыл 27-29 мамыр аралығында өтетін Құрбан айт күндері құрбандық шалынатын арнайы орындар белгіленді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Еске салайық, елордада Айт намазы 27 мамыр күні таңғы сағат 06:00-де қаланың барлық мешітінде оқылады.
Құрбандық шалу рәсімі күн сайын сағат 07:00-ден 18:00-ге дейін тек ресми түрде бекітілген орындарда ғана жүргізіледі.
Осы мақсатта елордада бес мамандандырылған алаң белгіленді:
Байқоңыр ауданы: "Шанхай" базары – Алаш тасжолы, 34/6;
"Баракат" базары – А 369 көшесі, 10;
"Жайлау" базары – Алаш тасжолы, Ц 313 көшесі;
"Шәушен" шаруа қожалығы – Алаш тасжолы, 136Б.
Алматы ауданы: "Ет-Хан" ет цехы – Теміржолшылар тұрғын алабы, Ақжар көшесі, 20.
Құрбандық шалу рәсімін арнайы белгіленген орындардан тыс жерде өткізуге болмайды, дейді әкімдікте.
Мереке қарсаңында тұрғындар санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринариялық талаптарды сақтауы қажет. Мамандар етті тек тексерілген орындардан сатып алуды, өнімнің сақталу жағдайына назар аударуды, сондай-ақ жеке гигиена мен санитарлық қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады.
Сонымен қатар, мал союдан қалған қалдықтарды белгіленген тәртіппен кәдеге жарату қажет, оларды қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлерге тастауға тыйым салынады.