https://sputnik.kz/20260520/almatyda-qurban-shaluga-ruqsat-etilgen-12-oryn-belgilendi-63585869.html
Алматыда құрбан шалуға рұқсат етілген 12 орын белгіленді
Алматыда құрбан шалуға рұқсат етілген 12 орын белгіленді
Sputnik Қазақстан
Арнаулы алаңдарда мешіт қызметкерлері құрбан шалу рәсімінің діннің талабына сай орындалуын қадағалайды 20.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-20T15:42+0500
2026-05-20T15:42+0500
2026-05-20T15:46+0500
алматы
құрбан айт
құрбан шалу
https://sputnik.kz/img/07e6/07/0b/26060308_0:0:3639:2047_1920x0_80_0_0_8074f3154e074d7ea480c1eb32fba4c3.jpg
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Алматыда Құрбан айтта 12 жерде ғана құрбан шалуға болады, деп мәлімдеді мегаполистің бас имамы Төлеби Оспан Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте.Биыл 27 мамырда басталатын Құрбан айт күндері Алматыда мал сататын, құрбан шалатын 12 арнаулы алаң белгіленді.Бас имамның айтуынша, қаланың бес ауданында құрбан шалуға арналған арнаулы алаңдар ашылған.Алатау ауданы:Бостандық ауданы:Медеу ауданы:Наурызбай ауданы:Түрксіб ауданы:Осы көрсетілген арнаулы алаңдарда мешіт қызметкерлері құрбан шалу рәсімінің діннің талабына сай орындалуын қадағалайды.Сонымен қатар Алматыда тұрғындардың қашықтан құрбан шалуына мүмкіндік беретін qurban.muftyat.kz онлайн қызметі қайта іске қосылды. Құрбандық шалынғаннан кейін оларға есеп беріп отырады.Бұдан бөлек, платформа арқылы мұқтаж отбасыларға ет таратуға өтініш те қабылданады. Осы күні қаланың барлық 56 мешітінде ет қабылдайтын, ет тарататын пункттер жұмыс істейді.
https://sputnik.kz/20260519/onirlerde-qurban-ayt-namazy-neshede-oqylady---keste--63565506.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/0b/26060308_908:0:3639:2048_1920x0_80_0_0_47ab2935c3110f0f06b7a0ce101bd079.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, құрбан айт, құрбан шалу
алматы, құрбан айт, құрбан шалу
Алматыда құрбан шалуға рұқсат етілген 12 орын белгіленді
15:42 20.05.2026 (жаңартылды: 15:46 20.05.2026) Арнаулы алаңдарда мешіт қызметкерлері құрбан шалу рәсімінің діннің талабына сай орындалуын қадағалайды
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Алматыда Құрбан айтта 12 жерде ғана құрбан шалуға болады, деп мәлімдеді мегаполистің бас имамы Төлеби Оспан Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Биыл 27 мамырда басталатын Құрбан айт күндері Алматыда мал сататын, құрбан шалатын 12 арнаулы алаң белгіленді.
Бас имамның айтуынша, қаланың бес ауданында құрбан шалуға арналған арнаулы алаңдар ашылған.
"Мырзахмет" мешіті — Қарасу шағынауданы, Солтүстік айналма көшесі, 15;
"Алғабас" мешіті — Алғабас шағынауданы, Ақбөпе көшесі, 6;
"Әл-Әзим" мешіті — Азат көшесі, 20а;
"Нұр" мешіті — Ұйғыр көшесі, 16/1.
"Бақыткелді" мешіті — Хан-Тәңірі шағынауданы, Дулати көшесі, 27/11.
"Омар ибн әл-Хаттаб" мешіті — Жуков көшесі, 136а;
"Аманқұл ата" мешіті — Т. Бигелдинов көшесі, 5;
"Фатима" мешіті — Малая көшесі, 14;
"Райымбек батыр" мешіті — Думан-1 шағынауданы, Хан Тәңірі көшесі, 15;
"Арафат" мешіті — Ибрагимов көшесі, 5а.
"Қалқаман-2" мешіті — Қалқаман-2 шағынауданы, Аспандияров көшесі, 84.
"Қайрат" мешіті — Қайрат шағынауданы, Сарымолдаев көшесі, 22.
Осы көрсетілген арнаулы алаңдарда мешіт қызметкерлері құрбан шалу рәсімінің діннің талабына сай орындалуын қадағалайды.
Сонымен қатар Алматыда тұрғындардың қашықтан құрбан шалуына мүмкіндік беретін qurban.muftyat.kz онлайн қызметі қайта іске қосылды. Құрбандық шалынғаннан кейін оларға есеп беріп отырады.
Бұдан бөлек, платформа арқылы мұқтаж отбасыларға ет таратуға өтініш те қабылданады. Осы күні қаланың барлық 56 мешітінде ет қабылдайтын, ет тарататын пункттер жұмыс істейді.