https://sputnik.kz/20260520/qazaqstan-men-eek-antikontrafakt-2026-forumynyn-bagdarlamasyn-talqylady-63570153.html
Қазақстан мен ЕЭК "Антиконтрафакт-2026" форумының бағдарламасын талқылады
Қазақстан мен ЕЭК "Антиконтрафакт-2026" форумының бағдарламасын талқылады
Sputnik Қазақстан
Іс-шара 28 мамыр күні Астанада өтеді 20.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-20T13:53+0500
2026-05-20T13:53+0500
2026-05-20T13:53+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07ea/05/13/63544230_63:120:1252:789_1920x0_80_0_0_dedc7903b0388216e0f54dbb96721c4f.jpg
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Қазақстан мен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) "Антиконтрафакт-2026" халықаралық форумына дайындық жұмыстарын аяқтап қалды, деп хабарлады ЕЭК.Іс-шара 28 мамыр күні Астанада өтеді. Форумды ұйымдастырудың негізгі мәселелерін ЕЭК-тің экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақыт Сұлтанов пен Қазақстан әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова талқылады.Сондай-ақ ол форум 2026 жылы Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалығы аясында өтетінін айтты. Биыл оның негізгі тақырыбы ЕАЭО ішкі нарығын контрафактілік өнімдерден қорғаудың цифрлық құралдары болмақ."Антиконтрафакт" форумы – ЕАЭО-ның жыл сайын өтетін іскерлік алаңы. Ол Одақ органдарына төрағалық ететін мемлекеттерде кезекпен ұйымдастырылады. 2026 жылғы форум бағдарламасына пленарлық отырыс пен он пікірталас сессиясы енгізілген.Sputnik Қазақстан – XIV халықаралық "Антиконтрафакт-2026" форумының бас серіктесі.
https://sputnik.kz/20260519/eaeo-elderinin-avtozholdarynda-zhuk-kolikterine-ortaq-talap-engizildi-63544811.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/05/13/63544230_141:44:1193:833_1920x0_80_0_0_d74db41aaab5d939dab2f34c416f1265.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
Қазақстан мен ЕЭК "Антиконтрафакт-2026" форумының бағдарламасын талқылады
Іс-шара 28 мамыр күні Астанада өтеді
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Қазақстан мен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) "Антиконтрафакт-2026" халықаралық форумына дайындық жұмыстарын аяқтап қалды, деп хабарлады ЕЭК.
Іс-шара 28 мамыр күні Астанада өтеді. Форумды ұйымдастырудың негізгі мәселелерін ЕЭК-тің экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақыт Сұлтанов пен Қазақстан әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова талқылады.
"Біз форумның бағдарламасын келістік. Онда Еуразиялық экономикалық одақ аясында контрафактілік және заңсыз өнімдердің таралуына қарсы күрестің өзекті бағыттары қамтылған. Атап айтқанда, зияткерлік меншік нысандарын қорғау процестерін цифрландыру, тауарларды таңбалау, техникалық реттеу шаралары және тұтынушылар құқығын қорғау тетіктері қарастырылады", – деді Бақыт Сұлтанов.
Сондай-ақ ол форум 2026 жылы Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалығы аясында өтетінін айтты. Биыл оның негізгі тақырыбы ЕАЭО ішкі нарығын контрафактілік өнімдерден қорғаудың цифрлық құралдары болмақ.
"Антиконтрафакт" форумы – ЕАЭО-ның жыл сайын өтетін іскерлік алаңы. Ол Одақ органдарына төрағалық ететін мемлекеттерде кезекпен ұйымдастырылады. 2026 жылғы форум бағдарламасына пленарлық отырыс пен он пікірталас сессиясы енгізілген.
Sputnik Қазақстан – XIV халықаралық "Антиконтрафакт-2026" форумының бас серіктесі.