https://sputnik.kz/20260519/eaeo-elderinin-avtozholdarynda-zhuk-kolikterine-ortaq-talap-engizildi-63544811.html
ЕАЭО елдерінің автожолдарында жүк көліктеріне ортақ талап енгізілді
ЕАЭО елдерінің автожолдарында жүк көліктеріне ортақ талап енгізілді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Еуразия көлік дәліздеріне кіретін ЕАЭО-ға мүше елдердің автожолдарында көлік құралдарының рұқсат етілген салмағы, осьтік жүктемесі... 19.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-19T08:32+0500
2026-05-19T08:32+0500
2026-05-19T08:34+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/403/33/4033301_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_faea9b17feac0af75c5720623f62d7a9.jpg
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Еуразия көлік дәліздеріне кіретін ЕАЭО-ға мүше елдердің автожолдарында көлік құралдарының рұқсат етілген салмағы, осьтік жүктемесі мен габариттеріне қатысты ортақ талап енгізу туралы келісім күшіне енді.ЕЭК мәліметінше, келісімнің арқасында ЕАЭО аумағындағы 14 мың шақырымнан астам автожолда бірыңғай техникалық талаптар қолданылады.Бұған дейін салмақ пен габаритке қойылатын талаптардың әртүрлі болуына байланысты тасымалдаушылар жүктің оңтайлы көлемін тиеуден бас тартуға мәжбүр еді. Енді тауарларды бөліп тасымалдаудың немесе жүктің бір бөлігін басқа көлікке ауыстырып тиеудің қажеттілігі болмайды.Сондай-ақ тасымалдаушыларға бұрын кей мемлекеттердегі төмен салмақтық-гбариттік нормаларға байланысты талап етілетін арнайы рұқсаттарды алу қажет емес.ЕЭК өкілдерінің айтуынша, келісімнің күшіне енуі Одақтың ішкі нарығындағы тағы бір кедергіні жойып, ортақ көлік қызметтері нарығын құруға мүмкіндік береді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/403/33/4033301_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_5d805475b7c635a6b6e48b8000e0e3ff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
ЕАЭО елдерінің автожолдарында жүк көліктеріне ортақ талап енгізілді
08:32 19.05.2026 (жаңартылды: 08:34 19.05.2026) АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Еуразия көлік дәліздеріне кіретін ЕАЭО-ға мүше елдердің автожолдарында көлік құралдарының рұқсат етілген салмағы, осьтік жүктемесі мен габариттеріне қатысты ортақ талап енгізу туралы келісім күшіне енді.
"Бұл келісім көлік шығынын азайтып, жүк ағындарына тиімді қызмет көрсетуге елеулі ықпал етеді", – деді Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Қожошев.
ЕЭК мәліметінше, келісімнің арқасында ЕАЭО аумағындағы 14 мың шақырымнан астам автожолда бірыңғай техникалық талаптар қолданылады.
"Біздің бағалауымыз бойынша, кей жағдайларда келісім нормаларының арқасында халықаралық автожүк тасымалындағы тиімділік 15%-ға дейін артуы мүмкін", – деп атап өтті министр.
Бұған дейін салмақ пен габаритке қойылатын талаптардың әртүрлі болуына байланысты тасымалдаушылар жүктің оңтайлы көлемін тиеуден бас тартуға мәжбүр еді. Енді тауарларды бөліп тасымалдаудың немесе жүктің бір бөлігін басқа көлікке ауыстырып тиеудің қажеттілігі болмайды.
Сондай-ақ тасымалдаушыларға бұрын кей мемлекеттердегі төмен салмақтық-гбариттік нормаларға байланысты талап етілетін арнайы рұқсаттарды алу қажет емес.
ЕЭК өкілдерінің айтуынша, келісімнің күшіне енуі Одақтың ішкі нарығындағы тағы бір кедергіні жойып, ортақ көлік қызметтері нарығын құруға мүмкіндік береді.