Қарағандыда тауға шыққан ер адам аяғын сындырып алды

© AP Photo / Matthias SchraderТау
Тау - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2026
Жазылу
Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін ұшқышсыз ұшу аппараты пайдаланылды
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. ТЖМ құтқарушылары таудағы ерлі-зайыптыларға көмекке келді, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы "Пионерлер шыңы" аумағында құтқарушылар екі туристі эвакуациялау бойынша іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді.
Белгілі болғандай, таңертең саяхатшылар тауға көтерілген. Алайда түсу кезінде ер адам аяғын сындырып алып, екеуі өздігінен төмен түсе алмаған.
Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін ұшқышсыз ұшу аппараты пайдаланылды. Оның көмегімен туристердің нақты орналасқан жері жедел анықталды. Кейін ТЖМ қызметкерлері зардап шеккендерге көтеріліп барып, оларды таудан аман-есен эвакуациялады.
Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында ерлі-зайыптылар қауіпсіз жерге жеткізілді.
В горах Иле Алатау начаты работы по снижению уровня воды в моренных озерах - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2026
Алматы облысында тауға шыққан 3 жасөспірім өздігінен түсе алмаған
Жаңалықтар
0