Алматы облысында тауға шыққан 3 жасөспірім өздігінен түсе алмаған

© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаВ горах Иле Алатау начаты работы по снижению уровня воды в моренных озерах
В горах Иле Алатау начаты работы по снижению уровня воды в моренных озерах - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2026
Жазылу
АСТАНА, 2 мамыр – Sputnik. Алматы облысында құтқарушылар жасөспірімдерді тау асуынан эвакуациялады, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.
Түнде жедел қызметтердің пультіне Алматы облысының тауларында, Шукур асуында теңіз деңгейінен 3100 метр биіктікте үш жасөспірім қиын жағдайға тап болып, өздігінен төмен түсе алмай қалғандығы туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына Алматы қаласы ТЖД құтқару қызметінің қызметкерлері жедел түрде жіберілді. Қараңғы уақыт пен күрделі тау жағдайына қарамастан құтқару операциясы жедел әрі үйлесімді жүргізілді.
Құтқарушылар жасөспірімдерді тау ішінен тауып, оларды аман-есен Алма-Арасан шатқалына дейін түсірді.
Жасөспірімдерге медициналық көмек қажет болған жоқ.
Снежный занос - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2026
Ақмола облысында қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
Жаңалықтар
0