https://sputnik.kz/20260520/parlament-quryltay-turaly-zandy-ekinshi-oqylymda-qabyldady-63576238.html
Парламент "Құрылтай туралы" заңды екінші оқылымда қабылдады
Парламент "Құрылтай туралы" заңды екінші оқылымда қабылдады
Sputnik Қазақстан
Жаңа заң шығарушы орган бес жыл мерзімге сайланатын 145 депутаттан тұрады 20.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-20T11:44+0500
2026-05-20T11:44+0500
2026-05-20T11:44+0500
парламент
заң
https://sputnik.kz/img/old/827/69/8276972_0:86:1253:791_1920x0_80_0_0_1f7755dc1b3c60ba7e34e3a31c1e1597.jpg
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Парламент "Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заңды екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.Құжат 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституцияның ережелерін іске асыру мақсатымен әзірленген.Жаңа заң шығарушы орган бес жыл мерзімге сайланатын 145 депутаттан тұрады. Олардың мәртебесі, құқықтары мен міндеттері, соның ішінде депутаттық бірлестіктерді, парламенттік көпшілік пен оппозицияны құру мәселелері, сондай-ақ депутаттық әдеп қағидалары бекітіледі.Сонымен қатар заң шығару бастамасы құқығына ие субъектілер қатары кеңейтіліп, оған Қазақстан халық кеңесі енгізілді, бұл құқық Құрылтайға тиісті шешім енгізу арқылы жүзеге асырылады.Аталған заң аясында Құрылтайдың Қазақстан президентіне вице-президент, премьер-министр, Конституциялық соттың судьялары, Орталық сайлау комиссиясы мен Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері лауазымына тағайындауға келісім беруі белгіленеді.Сондай-ақ президенттің ұсынуы бойынша Құрылтай депутаттарына Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьяларын сайлау өкілеттігін беру ұсынылды. Бұдан бөлек, заңда Құрылтайдың Конституциялық сот пен Жоғарғы сот судьяларын қол сұғылмаушылық құқығынан айыру тетігі туралы нормалар көрініс тапқан.
https://sputnik.kz/20260410/quryltay-saylauy-tamyz-ayynda-otedi-62550697.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/827/69/8276972_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_2a7e375fb0b693de7d810c61fe6f4b58.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
парламент, заң
Парламент "Құрылтай туралы" заңды екінші оқылымда қабылдады
Жаңа заң шығарушы орган бес жыл мерзімге сайланатын 145 депутаттан тұрады
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Парламент "Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заңды екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Құжат 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституцияның ережелерін іске асыру мақсатымен әзірленген.
"Заң бір палаталы парламент – Құрылтайдың конституциялық-құқықтық негіздерін бекітіп, оның мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі орнын, қызмет принциптерін, құрылымын, құрылу тәртібін және өкілеттіктерін жүзеге асыру формаларын айқындайды", - деп жазылған хабарламада.
Жаңа заң шығарушы орган бес жыл мерзімге сайланатын 145 депутаттан тұрады. Олардың мәртебесі, құқықтары мен міндеттері, соның ішінде депутаттық бірлестіктерді, парламенттік көпшілік пен оппозицияны құру мәселелері, сондай-ақ депутаттық әдеп қағидалары бекітіледі.
Сонымен қатар заң шығару бастамасы құқығына ие субъектілер қатары кеңейтіліп, оған Қазақстан халық кеңесі енгізілді, бұл құқық Құрылтайға тиісті шешім енгізу арқылы жүзеге асырылады.
"Қабылданған конституциялық заң Құрылтайдың үкіметпен өзара іс-әрекет жасау тәртібін, соның ішінде үкімет мүшелері лауазымына тағайындау үшін кандидаттарға қатысты консультациялар өткізуді, олардың есептерін тыңдауды және тағы басқаларын белгілейді. Сондай-ақ мемлекеттік бюджет шығыстарын қарастыратын депутаттық бастамалар бойынша үкіметтің қорытындыларын үш айлық мерзімде ұсыну тәртібі белгіленеді", - деп жазылған хабарламада.
Аталған заң аясында Құрылтайдың Қазақстан президентіне вице-президент, премьер-министр, Конституциялық соттың судьялары, Орталық сайлау комиссиясы мен Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері лауазымына тағайындауға келісім беруі белгіленеді.
Сондай-ақ президенттің ұсынуы бойынша Құрылтай депутаттарына Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьяларын сайлау өкілеттігін беру ұсынылды. Бұдан бөлек, заңда Құрылтайдың Конституциялық сот пен Жоғарғы сот судьяларын қол сұғылмаушылық құқығынан айыру тетігі туралы нормалар көрініс тапқан.