https://sputnik.kz/20260519/utikpen-betin-kuydirdi-shymkentte-balalaryn-azaptagan-ayel-sottaldy-63563866.html
Үтікпен бетін күйдірген: Шымкентте балаларын азаптаған әйел сотталды
Үтікпен бетін күйдірген: Шымкентте балаларын азаптаған әйел сотталды
Sputnik Қазақстан
Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкінетінін айтты 19.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-19T18:17+0500
2026-05-19T18:17+0500
2026-05-19T18:29+0500
шымкент
сот
түрме
https://sputnik.kz/img/07e6/02/16/22994361_0:18:1281:738_1920x0_80_0_0_95611d034aa90ac9930b6c7b02e27566.jpg
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Шымкент қаласында екі баласын азаптаған әйел сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Жауапқа тартылған қала тұрғыны алдымен 9 жастағы ұлын темекі шеккені үшін ұрған. Онымен қоймай, шанышқыны қыздырып, аузын күйдірген. Келесі күні ұлы кешірім сұраса да, оны қайтадан ұрып, дене жарақаттарын салған. Ал бірнеше күннен кейін 11 жастағы қызын 10 мың теңге ұрлады деп айыптап, қыздырылған үтікпен ішін күйдірген. Үтікті ұлының бетіне де басқан.Сотта прокурор балаларын азаптаған әйелді 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал сотталушы өз кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкінетінін айтты. Түрмеге отырғызбауды өтінді.Судья оны 5 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға шешім шығарды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20260209/balalaryn-terezeden-laqtyrgan-ayel-auyr-depressiyada-bolgan-61042083.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/16/22994361_0:0:1137:853_1920x0_80_0_0_b8febd4667b9daf1add18e5dc92ab292.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, сот, түрме
Үтікпен бетін күйдірген: Шымкентте балаларын азаптаған әйел сотталды
18:17 19.05.2026 (жаңартылды: 18:29 19.05.2026) Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкінетінін айтты
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Шымкент қаласында екі баласын азаптаған әйел сотталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Жауапқа тартылған қала тұрғыны алдымен 9 жастағы ұлын темекі шеккені үшін ұрған. Онымен қоймай, шанышқыны қыздырып, аузын күйдірген. Келесі күні ұлы кешірім сұраса да, оны қайтадан ұрып, дене жарақаттарын салған. Ал бірнеше күннен кейін 11 жастағы қызын 10 мың теңге ұрлады деп айыптап, қыздырылған үтікпен ішін күйдірген. Үтікті ұлының бетіне де басқан.
"Одан кейін балалардың шашын тақырлап алып, оларға психологиялық зиян келтірген. Сондай-ақ балаларды өзенге апарып, мұздай суға секіруге мәжбүрлеп, оларды тұншықтырған", - делінген үкімде.
Сотта прокурор балаларын азаптаған әйелді 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал сотталушы өз кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкінетінін айтты. Түрмеге отырғызбауды өтінді.
Судья оны 5 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға шешім шығарды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.