https://sputnik.kz/20260209/balalaryn-terezeden-laqtyrgan-ayel-auyr-depressiyada-bolgan-61042083.html
Балаларын терезеден лақтырған әйел ауыр депрессияда болған
Балаларын терезеден лақтырған әйел ауыр депрессияда болған
Sputnik Қазақстан
Бірақ әйел аяғына дейін емделмеген 09.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-09T15:27+0500
2026-02-09T15:27+0500
2026-02-09T15:29+0500
тараз
терезе
қылмыс
https://sputnik.kz/img/07e9/05/0c/53456038_0:229:960:769_1920x0_80_0_0_4c20e342b3c9edeb57078b0b87b33cf2.jpg
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Таразда екі баласын терезеден лақтырған әйелге қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Ауыр жарақат алған балалар облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілген болатын. Қазіргі кезде екі жасар ұлдың жағдайы қанағаттанарлық. Ал төрт жастағы қыздың жағдайы ауыр, сынған жерлері көп.Оның айтуынша, полиция Қылмыстық кодекстің "Кәмелетке толмағандарды өлтіруге оқталу" бабы бойынша тергеуді бастады.Осы ретте Зәкиева өзекті мәселені көтерді. Оның пікірінше, балаларды қорғауға кедергі келтіретін мәселелердің бірі - медициналық құпия. Денсаулық сақтау ұйымдары балаларды қорғау органдарына ауыр депрессия, психикалық диагнозы бар ата-аналар туралы хабарламайды."Балаларды қорғау органдарында тиісті ақпарат болуы керек. Менің ойымша, бұл мәселе заңнамалық деңгейде шешілуі тиіс", - деді ол.Айта кетері, бұл оқиға Тараздағы жатақханада болған. 36 жастағы әйел бесінші қабаттың терезесінен алдымен төрт жастағы қызын, одан кейін екі жастағы ұлын лақтырып жіберген.
https://sputnik.kz/20260202/tarazda-ayel-balasyn-urgan-satti-videoga-tusirgen-60861249.html
тараз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/0c/53456038_0:205:960:925_1920x0_80_0_0_ee0b034c54a125eec81b6582fac73887.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тараз, терезе, қылмыс
Балаларын терезеден лақтырған әйел ауыр депрессияда болған
15:27 09.02.2026 (жаңартылды: 15:29 09.02.2026) Бірақ әйел аяғына дейін емделмеген
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Таразда екі баласын терезеден лақтырған әйелге қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Ауыр жарақат алған балалар облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілген болатын. Қазіргі кезде екі жасар ұлдың жағдайы қанағаттанарлық. Ал төрт жастағы қыздың жағдайы ауыр, сынған жерлері көп.
"Балалардың анасы бұған дейін ауыр депрессияға түскен. Бірақ аяғына дейін емделмеді", - дейді Зәкиева.
Оның айтуынша, полиция Қылмыстық кодекстің "Кәмелетке толмағандарды өлтіруге оқталу" бабы бойынша тергеуді бастады.
Осы ретте Зәкиева өзекті мәселені көтерді. Оның пікірінше, балаларды қорғауға кедергі келтіретін мәселелердің бірі - медициналық құпия. Денсаулық сақтау ұйымдары балаларды қорғау органдарына ауыр депрессия, психикалық диагнозы бар ата-аналар туралы хабарламайды.
"Балаларды қорғау органдарында тиісті ақпарат болуы керек. Менің ойымша, бұл мәселе заңнамалық деңгейде шешілуі тиіс", - деді ол.
Айта кетері, бұл оқиға Тараздағы жатақханада болған. 36 жастағы әйел бесінші қабаттың терезесінен алдымен төрт жастағы қызын, одан кейін екі жастағы ұлын
лақтырып жіберген.