Тоқаев жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін жазаны қатаңдататын заңға қол қойды

© Sputnik / Александр МирогловИттер
Иттер - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2026
Жазылу
Мұндай құқық бұзушылықтар үшін айыппұл көлемі істің ауырлығына байланысты бірнеше есеге артады
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Осы заңмен жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін жауапкершілік айтарлықтай қатаңдатылып отыр. Атап айқанда, жануарларға қасақана жарақат салу немесе өлтіру бойынша әкімшілік жауапкершілік күшейтіледі. Мұндай құқық бұзушылықтар үшін айыппұл көлемі істің ауырлығына байланысты бірнеше есеге артады. Ал қайталанған немесе ауыр заң бұзушылықтар болған жағдайда қылмыстық жауапкершілік қатаңдатылады.
Жаза түрлері:
2000 АЕК-ке (8 650 000 теңгеге) дейінгі айыппұл;
түзеу жұмыстары;
қоғамдық жұмыстар.
Қылмысты ауырлататын жағдайлар болса, үш жылға дейінгі мерзімге бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру, сонымен қатар бес жылға дейін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе қызметпен айналысу құқығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазалары қолданылуы мүмкін.
Бұдан бөлек, құқық бұзушылық құралдарын тәркілеу және болашақта жануар асырау құқығынан айыру сияқты қосымша шаралар қарастырылған.
Заңға сәйкес, иесіз жануарлардың санын реттеу тәртібі мен мерзімі жергілікті өкілді органдардың құзыретіне берілді. Ал ондай жануарларды жансыздандыру туралы шешімді ветеринариялық қорытынды негізінде қабылданады.
Оставшиеся в живых щенки Линды - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2026
Жануарларға қатыгездік көрсеткендер үшін жаза қатаңдатылады
Жаңалықтар
0