https://sputnik.kz/20260519/toqaev-yunesko-nyn-buryngy-bas-direktoryn-qoja-ahmet-yasaui-ordenimen-marapattady-63563271.html
Тоқаев ЮНЕСКО-ның бұрынғы Бас директорын Qoja Ahmet Yasaui орденімен марапаттады
Тоқаев ЮНЕСКО-ның бұрынғы Бас директорын Qoja Ahmet Yasaui орденімен марапаттады
Sputnik Қазақстан
Президент Одрэ Азуле Қазақстанның бірегей мәдени құндылықтарын, тарихи ескерткіштерін, зияткерлік мұраларын сақтауға және олардың халықаралық деңгейде... 19.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-19T17:09+0500
2026-05-19T17:09+0500
2026-05-19T17:10+0500
президент
марапаттау
бұұ
https://sputnik.kz/img/07ea/05/13/63563108_0:86:1281:806_1920x0_80_0_0_248f8d58c9df06601bdecfc3ae73e3ba.jpg
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев ЮНЕСКО-ның бұрынғы Бас директоры Одрэ Азулені Qoja Ahmet Yasaui орденімен марапаттады, деп хабарлады Ақорда.Президент Одрэ Азуленің ЮНЕСКО Бас директоры ретінде атқарған қызметіне жоғары баға берді.Тоқаев Одрэ Азуле Қазақстанның бірегей мәдени құндылықтарын, тарихи ескерткіштерін, зияткерлік мұраларын сақтауға және олардың халықаралық деңгейде танылуына ерекше үлес қосқанын айтты."ЮНЕСКО-ның бастамалары мен бағдарламалары арқылы әлемдік қоғамдастық Қазақстанның Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен бастап, Ұлы даланың мәдени кеңістігіне дейінгі қайталанбас мұраларымен таныс болды. Сондықтан Сізге Qoja Ahmet Yasaui орденін тапсыру – мен үшін зор мәртебе. Сіз Қазақстанға, әсіресе, халқымыз үшін орны айрықша Ясауи кесенесіне қатысты үлкен іс атқардыңыз", – деді президент.ЮНЕСКО-ның бұрынғы Бас директоры Мемлекет басшысына жоғары марапат тапсырғаны үшін алғыс айтты.
https://sputnik.kz/20260514/qozha-akhmet-yasaui-ordenimen-algash-ret-erdogan-marapattaldy-63427680.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/05/13/63563108_46:0:1234:891_1920x0_80_0_0_68a5f54f227d8858cfed9bffe6b31e35.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, марапаттау, бұұ
президент, марапаттау, бұұ
Тоқаев ЮНЕСКО-ның бұрынғы Бас директорын Qoja Ahmet Yasaui орденімен марапаттады
17:09 19.05.2026 (жаңартылды: 17:10 19.05.2026) Президент Одрэ Азуле Қазақстанның бірегей мәдени құндылықтарын, тарихи ескерткіштерін, зияткерлік мұраларын сақтауға және олардың халықаралық деңгейде танылуына ерекше үлес қосқанын айтты
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев ЮНЕСКО-ның бұрынғы Бас директоры Одрэ Азулені Qoja Ahmet Yasaui орденімен марапаттады, деп хабарлады Ақорда.
Президент Одрэ Азуленің ЮНЕСКО Бас директоры ретінде атқарған қызметіне жоғары баға берді.
"Жаһанда бағдарсыздық пен қақтығыстар белең алған кезде Сіз білім мен мәдениет бейбітшілікті нығайтатын маңызды құрал екенін ұдайы дәлелдеп келесіз. Еліміздің бай тарихи және мәдени мұраларына назар аудару арқылы өзара серіктестікті кеңейтіп, жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал еттіңіз, – деді мемлекет басшысы.
Тоқаев Одрэ Азуле Қазақстанның бірегей мәдени құндылықтарын, тарихи ескерткіштерін, зияткерлік мұраларын сақтауға және олардың халықаралық деңгейде танылуына ерекше үлес қосқанын айтты.
"ЮНЕСКО-ның бастамалары мен бағдарламалары арқылы әлемдік қоғамдастық Қазақстанның Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен бастап, Ұлы даланың мәдени кеңістігіне дейінгі қайталанбас мұраларымен таныс болды. Сондықтан Сізге Qoja Ahmet Yasaui орденін тапсыру – мен үшін зор мәртебе. Сіз Қазақстанға, әсіресе, халқымыз үшін орны айрықша Ясауи кесенесіне қатысты үлкен іс атқардыңыз", – деді президент.
ЮНЕСКО-ның бұрынғы Бас директоры Мемлекет басшысына жоғары марапат тапсырғаны үшін алғыс айтты.