Еуропаның ірі қалаларына тікелей әуе рейстері ашылады – премьер тапсырма берді

© Photo : Air AstanaAir Astana, Атырау-Тбилиси бағыты
Air Astana, Атырау-Тбилиси бағыты - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2026
Жазылу
2027 жылы Астанадан Лондон, Париж, Рим, Вена сияқты Еуропа елдерінің қалаларына тікелей әуе қатынасын ашу жоспарланып отыр
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов келесі жылы Еуропаның ірі қалаларына тікелей әуе рейстерін ашуды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Көлік министрлігі алдымен Air Astana компаниясымен бірге осы жылдың аяғына дейін елордадан Токио мен Нью-Йоркке тікелей әуе қатынасын ұйымдастыруы қажет.

"Ал 2027 жылы Астанадан Лондон, Париж, Рим, Вена сияқты Еуропа елдерінің астаналары мен басқа да қалаларына тікелей әуе қатынасын ашуды тапсырамын. Инвесторлар мен туристерді тартамыз десек,бұл – өте маңызды мәселе", - деді Бектенов.

Осы орайда премьер Қазақстанға шетелдік әуе компанияларын тарту, сондай-ақ транзиттік жүк рейстерінің санын арттыру мақсатында авиаотын бағасы барынша тиімді деңгейде тұрғанын ерекше атап өтті.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2026
Ішкі рейстерде биометрия енгізіледі – көлік министрі
Жаңалықтар
0