Ішкі рейстерде биометрия енгізіледі – көлік министрі

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2026
Жазылу
Пилоттық жоба алдымен Астана – Шымкент бағыты бойынша іске асырылады
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев ішкі әуе рейстерінде биометриялық тексеріс енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде Q-Gate жүйесі бақылаудан өту уақытын 3 минуттан 50 секундқа дейін қысқартып отыр.
"Астана мен Алматы әуежайларында 16 терминал жұмыс істейді. Биыл Шымкент, Атырау, Ақтөбе және Ақтауда тағы 16 терминал орнату жоспарланып отыр. Келесі кезеңде ішкі рейстерде биометрия енгізу көзделген", - деді Сауранбаев үкіметтің бүгінгі отырысында.
Пилоттық жоба алдымен Астана – Шымкент бағыты бойынша іске асырылады. Одан кейін биометрия барлық әуежайда енгізіледі.
Осы жүйе іске қосылғаннан кейін рейске тіркелу кезінде жеке куәлікті көрсетудің қажеті болмайды.
"Авиация саласында биометрия, негізінен, саусақ ізі мен көздің торлы қабығын тексеру арқылы жүзеге асады. Біз дәл осы технологияны сынақтан өткіземіз. Биометрия жеке куәлікті көрсетуді алмастырады", – деп атап өтті Сауранбаев отырыстан кейінгі брифингте.
Самолет - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2026
"Тағы құр сөз болмасын": Токио мен Нью-Йоркке тікелей әуе рейстері қашан ашылады
Жаңалықтар
0