Алатауда ұшып жүрген аэротаксидің техникалық сипаттамасы жарияланды

© AFP 2024 / Anthony WallaceАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2026
Жазылу
"AutoFlight" компаниясының аппараты 250 шақырымға дейін ұша алады
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Алатауда сынақтан өтіп жатқан аэротаксидің техникалық сипаттамасын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Алатауда кеше ғана аэротаксидің бір үлгісі сынақтан өткізілді.
"Бұл - қытайлық "AutoFlight" компаниясының аппараты. Ол 250 шақырымға дейін ұша алады. Максималды жылдамдығы - сағатына 200 шақырым. Қазіргі кезде осы ұшу аппаратының сынақтан өткізу басталды", - деді Ластаев үкіметте өткен брифингте.
Бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев сағатына 320-340 шақырыммен ұшатын аэротаксилер туралы айтқан болатын. Онымен Алматы әуежайынан Медеуге дейін 10-12 минутта баруға болады.
Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2026
Сағатына 320-340 шақырым: Алатау мен Алматы арасындағы аэротакси қалай қатынайды
Жаңалықтар
0