Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 14,5%-ға өсті

© Sputnik / Владислав ВодневҚұрылыс жұмыстары
Құрылыс жұмыстары - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2026
Жазылу
2026 жылғы қаңтар-сәуірде орындалған құрылыс жұмыстары негізге алынып отыр
АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. Елде биыл орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 14,5%-ға өсті, деп хаарлады ұлттық статистика бюросы.
"2026 жылдың қаңтар-сәуірінде орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 14,5%-ға өсіп, 1739,5 млрд теңгені құрады", - деп жазылған хабарламада.
Құрылыс жұмыстары көлемінің 2025 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда ұлғаюы ғимараттар салу (41,2%), сондай-ақ құрылыс және жөндеу жұмыстары көлемінің артуымен байланысты.
Құрылыс жұмыстарының түрлері бойынша ең көп үлесті автомобиль және теміржолдар, сондай-ақ метро құрылысы (жалпы көлемнің 26,4%), тұрғын емес ғимараттарды салу (21,2%) және тұрғын үйлерді салу (11,3%) құрайды.
Пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 6334,1 мың шаршы метрді құрады.
Қария адамың қолдары - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2026
Қазақстандықтардың өмір сүру жасы артты - статистика
Жаңалықтар
0