Қазақстандықтардың өмір сүру жасы артты - статистика

© Photo : Pixabay / Steve BuissinneҚария адамың қолдары
Қария адамың қолдары - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2026
Жазылу
Қалалық жерлерде туған кездегі өмір сүру ұзақтығы ауылдық жерлерге қарағанда жоғары
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Қазақстандықтардың өмір сүру жасының ұзақтығы артты, деп хабарлады ұлттық статистика бюросы.
Халықтың туған кездегі өмір сүру ұзақтығы жыл өткен сайын ұзарып келеді. 2025 жылы бұл көрсеткіш 75,97 жасты құрады. Айта кету керек, 2024 жылы бұл көрсеткіш 75,44 болған.
Қалалық жерлерде туған кездегі өмір сүру ұзақтығы ауылдық жерлерге қарағанда жоғары – тиісінше 76,63 және 74,81 жас.
Гендерлік бөліністе әйелдердің өмір сүру ұзақтығы да өсіп, 79,8 жасты құрады (2024 жылы – 79,42), ал ерлер арасында бұл көрсеткіш 72,19 жас болды (2024 жылы – 71,33).
Өңірлер бөлінісінде ең жоғары көрсеткіш Алматы қаласында – 78,83 жас және Астана қаласында – 78,78 жас. Ең төменгі көрсеткіш Ұлытау облысында – 73,56 жас.
II Международный конгресс женщин в промышленности и технологиях состоялся в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2026
Қазақстанда қанша әйел бар – статистика
Жаңалықтар
0