Саммитке қатысушылар жол сапасы мен саябақтардың тазалығына жоғары баға берді - Тоқаев

© Photo : Президенттің баспасөз қызметіТоқаев түркі елдерінің жасанды интеллект орталықтарының желісін құруды ұсынды
Тоқаев түркі елдерінің жасанды интеллект орталықтарының желісін құруды ұсынды - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2026
Жазылу
Президент Түркістан шаһарын дамыту мен абаттандыру жұмыстарына айрықша мән беруді тапсырды
АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне жан-жақты дайындалуда белсенділік танытқандарды мемлекеттік наградалармен марапаттайды.
Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.
Оның айтуынша, президент 15 мамыр күні Түркістанда өткен Түркі мемлекеттері ұйымы бейресми саммитінің қорытындысы бойынша жиналыс өткізіп, маңызды халықаралық іс-шараға жан-жақты дайындалған облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен өңір тұрғындарына ризашылығын білдірді.
"Осы атқарылған жұмыстың арқасында түркі жұртының қасиетті қарашаңырағы саналатын Түркістан қаласы мәдени-гуманитарлық ықпалдастықтың әлеуетті орталығы ретінде ірі халықаралық іс-шараларды өткізуге әзір екенін көрсетті", - деп жазды Смадияров.
Президенттің айтуынша, шет мемлекеттердің басшылары мен саммитке қатысушылар көлік жолдарының сапасына, жасыл желегі мол көшелердің, саябақтардың тазалығына жоғары баға берген.
Смадияров мемлекет басшысы облыс және қала әкіміне еліміздің ғана емес, тұтас өңірдің жауһары – көне Түркістан шаһарын дамыту мен абаттандыру жұмыстарына айрықша мән беруді тапсырғанын жеткізді.
"Сонымен қатар президент Қазақстанның абырой-беделі үшін адал еңбек еткен әкімдік пен мемлекеттік мекемелердің, әскери және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, коммуналдық қызмет жұмысшыларын, еріктілерді, сондай-ақ басқа да белсенділерді мемлекеттік наградалармен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапаттау туралы шешім қабылдағанын жеткізді", - дейді президенттің баспасөз хатшысы.
Тоқаев түркі елдерінің жасанды интеллект орталықтарының желісін құруды ұсынды - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2026
Тоқаев түркі елдерінің ЖИ орталықтарының желісін құруды ұсынды
Жаңалықтар
0