https://sputnik.kz/20260515/toqaev-turki-elderinin-zhasandy-intellekt-ortalyqtary-zhelisin-qurudy-usyndy-63456835.html
Тоқаев түркі елдерінің ЖИ орталықтарының желісін құруды ұсынды
Тоқаев түркі елдерінің ЖИ орталықтарының желісін құруды ұсынды
Sputnik Қазақстан
Ол жасанды интеллект және озық цифрлық технология салалары бойынша түркі елдерінің жастары арасында ғылыми-технологиялық олимпиада ұйымдастыру туралы айтты 15.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-15T17:41+0500
2026-05-15T17:41+0500
2026-05-15T18:17+0500
қасым-жомарт тоқаев
саммит
түркі мемлекеттері ұйымы
https://sputnik.kz/img/07ea/05/0f/63456953_0:13:1281:733_1920x0_80_0_0_b52b0c40922463ee4b0378c424a50cbd.jpg
АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев түркі елдерінің жасанды интеллект орталықтарының желісін құруды ұсынды.Түркістанда өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде президент білім-ғылым саласына қажетті мамандар даярлайтын оқу орталықтары мен ғылыми мекемелер керектігін айтты.Президент өз сөзінде бағдарламалау, жасанды интеллект және озық цифрлық технология салалары бойынша түркі елдерінің жастары арасында жыл сайын ғылыми-технологиялық олимпиада ұйымдастыруды ұсынды. Айтуынша, бұл бастамаларды жүзеге асыру үшін Түркі инвестициялық қоры тарапынан қаржылай көмек көрсетуге болады.Қор толыққанды қызмет көрсетуге тиіс. Мүше мемлекеттерді осы міндетті жедел жүзеге асыруға шақырамын, деді ол.Сонымен қатар президент Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің IT хабтарының бірлескен орталығын ашуды ұсынды.Президент Жасанды интеллект пен озық технология дәуірінде рухани және мәдени құндылықтарды назардан тыс қалдырмау қажеттігін айтты.Айтуынша, бұл құжат түркі халықтарының тарихи-мәдени мұрасын сақтау және дәріптеу ісіне құқықтық негіз болады. Сондайқ-ақ ол жасанды интеллект негізінде түркі халықтарының тарихы мен мәдениетіне қатысты материалдарды жинақтайтын арнайы цифрлық платформа құру жөніндегі жұмысты жандандыру қажеттігін айтты.Айтуынша, Қазақстан бұл бастамалар бойынша жан-жақты цифрлық шешімдер ұсынуға дайын.
https://sputnik.kz/20260515/toqaev-almagayyp-kezende-turki-memleketterinin-auyzbirshilikte-boluy---ote-manyzdy-63456228.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/05/0f/63456953_143:0:1136:745_1920x0_80_0_0_bd1cca0ffd3a075bf0811d5107046edf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, саммит, түркі мемлекеттері ұйымы
қасым-жомарт тоқаев, саммит, түркі мемлекеттері ұйымы
Тоқаев түркі елдерінің ЖИ орталықтарының желісін құруды ұсынды
17:41 15.05.2026 (жаңартылды: 18:17 15.05.2026) Ол жасанды интеллект және озық цифрлық технология салалары бойынша түркі елдерінің жастары арасында ғылыми-технологиялық олимпиада ұйымдастыру туралы айтты
АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев түркі елдерінің жасанды интеллект орталықтарының желісін құруды ұсынды.
Түркістанда өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде президент білім-ғылым саласына қажетті мамандар даярлайтын оқу орталықтары мен ғылыми мекемелер керектігін айтты.
"Өзара тәжірибе алмасу, бірлесіп кадрлар даярлау және озық технологияларды енгізу өте маңызды. Сондықтан Түркі елдерінің жасанды интеллект орталықтарының желісін құруды ұсынамын. Біз Қазақстанда жаңа форматтағы технологиялық оқу орны – Жасанды интеллект университетін ашуды жоспарлап отырмыз. Жоғары оқу орнында түркі мемлекеттерінің азаматтарын оқыту үшін арнайы гранттар бөлуге дайынбыз", - деді Тоқаев.
Президент өз сөзінде бағдарламалау, жасанды интеллект және озық цифрлық технология салалары бойынша түркі елдерінің жастары арасында жыл сайын ғылыми-технологиялық олимпиада ұйымдастыруды ұсынды.
Айтуынша, бұл бастамаларды жүзеге асыру үшін Түркі инвестициялық қоры тарапынан қаржылай көмек көрсетуге болады.
"Биыл Қор нақты жобалар бойынша жұмыс істеу тәсіліне көшті. Жарғылық капиталы 600 миллион долларға жетті. Оны ұлғайтуға болады", - деді Тоқаев.
Қор толыққанды қызмет көрсетуге тиіс. Мүше мемлекеттерді осы міндетті жедел жүзеге асыруға шақырамын, деді ол.
Сонымен қатар президент Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің IT хабтарының бірлескен орталығын ашуды ұсынды.
"Орталыққа "Turkic ai" атауын беріп, оны Alem.ai орталығында орналастыруға болады. Бірлескен хаб ортақ мүдделерімізді ілгерілетуге ықпал етері сөзсіз", - деді ол.
Президент Жасанды интеллект пен озық технология дәуірінде рухани және мәдени құндылықтарды назардан тыс қалдырмау қажеттігін айтты.
"Түркі өркениетінің мол мұрасын сақтау және оны зерделеу – тарихи жадыны жаңғырту мәселесі ғана емес. Бұл – біздің бірегей болмысымызды, бірлігімізді және ынтымақтастығымызды көрсететін маңызды фактор. Осы орайда мен Түркі өркениетінің мұрасын сақтау жөніндегі конвенция жобасын пысықтау туралы ұсынысты қолдауға шақырамын", - деді Тоқаев.
Айтуынша, бұл құжат түркі халықтарының тарихи-мәдени мұрасын сақтау және дәріптеу ісіне құқықтық негіз болады.
Сондайқ-ақ ол жасанды интеллект негізінде түркі халықтарының тарихы мен мәдениетіне қатысты материалдарды жинақтайтын арнайы цифрлық платформа құру жөніндегі жұмысты жандандыру қажеттігін айтты.
"Бұл жоба көптілді форматта жасалуға тиіс. Сонда кез келген адам онлайн режимде түркі өркениетінің мол мұрасымен танысып, оны зерделей алады", - деді Тоқаев.
Айтуынша, Қазақстан бұл бастамалар бойынша жан-жақты цифрлық шешімдер ұсынуға дайын.