Алмағайып кезеңде түркі мемлекеттерінің ауызбіршілікте болуы өте маңызды - Тоқаев

© Photo : Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз қызметі Тоқаев: Алмағайып кезеңде түркі мемлекеттерінің ауызбіршілікте болуы - өте маңызды
Тоқаев: Алмағайып кезеңде түркі мемлекеттерінің ауызбіршілікте болуы - өте маңызды - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2026
Жазылу
Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтіп жатыр
АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. Таяу Шығыстағы жағдайдың салдарын көршілес аймақ елдері де сезіне бастады. Осындай алмағайып кезеңде түркі мемлекеттерінің ауызбіршілікте болуы маңызды, деді саммитте Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент алқалы жиынға қатысуға келген Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына ризашылығын білдірді.
© Пресс-служба президента КазахстанаТоқаев: Алмағайып кезеңде түркі мемлекеттерінің ауызбіршілікте болуы - өте маңызды
Касым-Жомарт Токаев выступил на неформальном саммите Организации тюрских государств - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2026
Тоқаев: Алмағайып кезеңде түркі мемлекеттерінің ауызбіршілікте болуы - өте маңызды

"Түркістан – атажұртымыздың мызғымас темірқазығы. Екі дүние есігі, ер түріктің бесігі атанған шежірелі шаһар. Көне қала қашанда түбі бір түркі жұртының қасиетті қара шаңырағы саналған. Түркістан төріндегі Әзірет Сұлтан кесенесі – рухани тұтастық пен тарихи сабақтастық символы. Қожа Ахмет Ясауидің тағылымды ойлары мен хикметтері – түркі халықтарының баға жетпес байлығы. Ұлы бабамыз дәріптеген құндылықтар әлі де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Сондықтан біз Ясауидің гуманистік идеяларына баса мән беріп отырмыз", - деді Тоқаев.

Қазір елімізде "Адал азамат", "Әділетті Қазақстан", "Таза Қазақстан" және басқа да бірегей бастамалар табысты жүзеге асырылып жатыр.
Басты мақсатымыз – ұлт сапасын барынша жетілдіріп, мемлекеттігімізді нығайта түсу. Түптеп келгенде, осы ауқымды жұмыстың негізі Ясауи ілімінен бастау алады, деді президент.

"Біз халықаралық геосаяси ахуал аса күрделі және құбылмалы дәуірді бастан өткерудеміз. Қарулы қақтығыстар, соғыстар толастар емес. Мұның бәрі әлем экономикасына кері әсер етіп жатқанын бәріміз көріп отырмыз. Таяу Шығыстағы жағдайдың салдарын көршілес аймақ елдері де сезіне бастады. Осындай алмағайып кезеңде түркі мемлекеттерінің ауызбіршілікте болуы – өте маңызды", - деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, қазіргі таңда түркі елдері заман талабын ескеріп, экономика және инвестиция саласындағы ықпалдастықты нығайтуы керек.
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бірге Түркістандағы жаңа мешітті аралап көрді - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2026
Тоқаев пен Мирзиёев Өзбекстан Түркістанға тарту еткен жаңа мешітті аралап көрді
Жаңалықтар
0