https://sputnik.kz/20260517/almatyda-zhi-zhylumen-zhabdyqtau-zhuyesindegi-zaqymdangan-aumaqtardy-qashyqtan-azhyratyp-otyrady-63505922.html
Алматыда ЖИ жылу жүйесіндегі зақымданған аумақтарды қашықтан ажыратып отырады
Алматыда ЖИ жылу жүйесіндегі зақымданған аумақтарды қашықтан ажыратып отырады
Sputnik Қазақстан
Бұл жылу мен су шығынын азайтып, апатты жағдайда жедел әрекет ету уақытын қысқартады 17.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-17T13:39+0500
2026-05-17T13:39+0500
2026-05-17T13:46+0500
алматы
жылу желісі
жасанды интеллект
https://sputnik.kz/img/07e8/03/06/42718008_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_1bca792d5ccbe7bf2617837c3383fec8.jpg
АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. Алматыда "ақылды" жылумен жабдықтау жүйесі іске қосылады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.Жасанды интеллект қолданылатын "ақылды" жылумен жабдықтау жүйесін 2026 жылы желтоқсанға дейін толық енгізу жоспарланып отыр.Сонымен қатар қалада коммуналдық инфрақұрылымды цифрландыру жалғасып келеді. SCADA және ЛЭРС жүйелері жылумен жабдықтау нысандарының жұмысын қашықтан бақылап, есептеу құралдарынан деректерді автоматты түрде жинайды. Бұл басқару дәлдігін арттырып, жүйенің сенімділігін күшейтеді.Бұған қоса, Алматыда газ инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары да қарқын алған. 2026 жылы 13,5 шақырым газ құбырын, 10 шкафтық газ реттеу пунктін және 16 электрохимиялық қорғаныс құрылғысын жаңарту жоспарланған. Сондай-ақ жаңа абоненттерді газ жүйесіне қосу жалғасады, дейді әкімдікте.
https://sputnik.kz/20260515/toqaev-turki-elderinin-zhasandy-intellekt-ortalyqtary-zhelisin-qurudy-usyndy-63456835.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/06/42718008_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_1958b37eea8482f835bf2882270bf286.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, жылу желісі, жасанды интеллект
алматы, жылу желісі, жасанды интеллект
Алматыда ЖИ жылу жүйесіндегі зақымданған аумақтарды қашықтан ажыратып отырады
13:39 17.05.2026 (жаңартылды: 13:46 17.05.2026) Бұл жылу мен су шығынын азайтып, апатты жағдайда жедел әрекет ету уақытын қысқартады
АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. Алматыда "ақылды" жылумен жабдықтау жүйесі іске қосылады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жасанды интеллект қолданылатын "ақылды" жылумен жабдықтау жүйесін 2026 жылы желтоқсанға дейін толық енгізу жоспарланып отыр.
"Жаңа жүйе онлайн деректерді талдау негізінде жұмыс істейді және нақты уақыт режимінде жылу шығынын анықтап, күрделі аумақтарды белгілеуге әрі зақымдалған желілерді қашықтан ажыратуға мүмкіндік береді. Бұл жылу мен су шығынын азайтып, апатты жағдайда жедел әрекет ету уақытын қысқартады", - депжазылған хабарламада.
Сонымен қатар қалада коммуналдық инфрақұрылымды цифрландыру жалғасып келеді. SCADA және ЛЭРС жүйелері жылумен жабдықтау нысандарының жұмысын қашықтан бақылап, есептеу құралдарынан деректерді автоматты түрде жинайды. Бұл басқару дәлдігін арттырып, жүйенің сенімділігін күшейтеді.
Бұған қоса, Алматыда газ инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары да қарқын алған. 2026 жылы 13,5 шақырым газ құбырын, 10 шкафтық газ реттеу пунктін және 16 электрохимиялық қорғаныс құрылғысын жаңарту жоспарланған. Сондай-ақ жаңа абоненттерді газ жүйесіне қосу жалғасады, дейді әкімдікте.