Түркі мемлекеттерінің басшылары Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті
19:12 15.05.2026 (жаңартылды: 19:16 15.05.2026)

© Photo : Президенттің баспасөз қызметі
Жазылу
Мәртебелі меймандар қабірхананы, орталық бөлмеде орналасқан қазандықты, тайқазанды және қола лауханы аралап көрді
АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. ️Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан президенттері түркі дүниесінің әйгілі рухани және тарихи-мәдени киелі орындарының бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды.
Мемлекеттер басшылары ұлы ғұлама, әулие Қожа Ахмет Ясауи мен кесене аумағында жерленген басқа да белгілі тарихи тұлғалардың рухына зиярат етті.

Түркі мемлекеттерінің басшылары Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті
© Photo : Президенттің баспасөз қызметі
"Президенттерге кесененің XIV ғасыр соңында Әмір Темірдің бұйрығымен салынғаны, көлемі жағынан әртүрлі 35 бөлмеден тұратыны жөнінде ақпарат берілді. Мәртебелі меймандар қабірхананы, орталық бөлмеде орналасқан қазандықты, тайқазанды және қола лауханы аралап көрді", - деп жазды президенттің баспасөз қызметі.
Ғимараттың ішкі биіктігі 39 метрді, ал сыртқы биіктік өлшемі 41 метрді құрайды.
Сондай-ақ экспозицияда түркі-ислам әлемінің белгілі ойшылдары мен шайырларының еңбектерінен тұратын 45 кітап қойылған.
Сондай-ақ экспозицияда түркі-ислам әлемінің белгілі ойшылдары мен шайырларының еңбектерінен тұратын 45 кітап қойылған.

Түркі мемлекеттерінің басшылары Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті
© Photo : Президенттің баспасөз қызметі
Олардың арасында Қожа Ахмет Ясауидің "Диуани Хикмет", Низамидің "Хамса", Науаидің ғазалдары, Бақырғанидың шығармалары, Фирдоусидің "Шахнама", Физулидің "Ләйлі мен Мәжнүн" дастаны, сонымен бірге "Манас" жырының үзінділері және басқа да сирек кездесетін туындылар бар.

Түркі мемлекеттерінің басшылары Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті
© Photo : Президенттің баспасөз қызметі
Кесенеге Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған османдық каллиграф Ахмед Шемседдин Карахисаридің қолынан шыққан құранды сыйлады.
