https://sputnik.kz/20260515/toqaev-turki-memleketteri-uyymy---askeri-alyans-emes-63458445.html
Тоқаев: Түркі мемлекеттері ұйымы - әскери альянс емес
Тоқаев: Түркі мемлекеттері ұйымы - әскери альянс емес
Sputnik Қазақстан
Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтіп жатыр 15.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-15T18:32+0500
2026-05-15T18:32+0500
2026-05-15T18:34+0500
қасым-жомарт тоқаев
түркі мемлекеттері ұйымы
https://sputnik.kz/img/07ea/05/0f/63455942_0:38:1280:758_1920x0_80_0_0_bb4b1b35340edc307f5fe46876485c2e.jpg
АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттаушыларға жауап берді, деп хабарлайды Ақорда."Ең бастысы, жаңа форматтағы жұмыс ұйымның мақсат-міндеттеріне сай болып, оған кері әсерін тигізбеуі керек. Мысалы, соңғы кезде ұйымымызды әскери альянс ретінде сипаттайтын ой-пікірлер айтылып жүр. Олардың теріс пейілі бізге анық, мақсаттары – елдестіру емес екені де белгілі. Қазақстан ондай ұстанымды жоққа шығару керек деп санайды", - деді ол.Президенттің айтуынша, түркі әлемінің бірлігін нығайту аса маңызды, кезек күттірмейтін басымдық.Түркі әлемі әрдайым тату болып, алға қойған мақсаттан ауытқымай, бірлесе дами беруі керек. Сондықтан бүгінгі басқосу тамыры бір, тарихы ортақ елдердің ауызбіршілігін арттыра түсері сөзсіз, деп қорытындылады президент.
https://sputnik.kz/20260515/turkistan-qalasynda-turki-orkenieti-ortalygy-qurylady-63458083.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/05/0f/63455942_98:0:1219:841_1920x0_80_0_0_7abfe904ea174feed1516eb9cad2a3a8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, түркі мемлекеттері ұйымы
қасым-жомарт тоқаев, түркі мемлекеттері ұйымы
Тоқаев: Түркі мемлекеттері ұйымы - әскери альянс емес
18:32 15.05.2026 (жаңартылды: 18:34 15.05.2026) Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтіп жатыр
АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттаушыларға жауап берді, деп хабарлайды Ақорда.
"Ең бастысы, жаңа форматтағы жұмыс ұйымның мақсат-міндеттеріне сай болып, оған кері әсерін тигізбеуі керек. Мысалы, соңғы кезде ұйымымызды әскери альянс ретінде сипаттайтын ой-пікірлер айтылып жүр. Олардың теріс пейілі бізге анық, мақсаттары – елдестіру емес екені де белгілі. Қазақстан ондай ұстанымды жоққа шығару керек деп санайды", - деді ол.
Президенттің айтуынша, түркі әлемінің бірлігін нығайту аса маңызды, кезек күттірмейтін басымдық.
"Түркі мемлекеттері ұйымы – геосаяси жоба емес, әскери ұйым да емес. Бұл – бауырлас елдердің сауда-экономикалық, жоғары технологиялық, цифрлық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайтатын бірегей алаң. Мұндай ұстаным еліміз үшін – маңызды басымдық, себебі, бұл ұлттық мүдде тұрғысынан да тиімді екені анық. "Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді" деген аталы сөз – бәрімізге ортақ", - деді Тоқаев.
Түркі әлемі әрдайым тату болып, алға қойған мақсаттан ауытқымай, бірлесе дами беруі керек. Сондықтан бүгінгі басқосу тамыры бір, тарихы ортақ елдердің ауызбіршілігін арттыра түсері сөзсіз, деп қорытындылады президент.