Президент түркі елдерін ғарышты бірге игеруге шақырды

© Photo : Пресс-служба корпорации "Роскосмос"Вывоз ракеты с пилотируемым кораблем "Союз МС-28" на стартовый комплекс космодрома "Байконур"
Вывоз ракеты с пилотируемым кораблем Союз МС-28 на стартовый комплекс космодрома Байконур
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2026
Жазылу
АЛМАТЫ, 15 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде сөйлеген сөзінде цифрлық қолтаңбаны өзара тану және ғарыш саласын бірлесе игеру туралы ұсыныс айтты, деп хабарлайды Ақорда.

Президент Түркі мемлекеттер ұйымы аясында бірлесе іске асыруға болатын бірқатар ұсынысты ортаға салды

"Біріншіден, сауда-экономика саласы бойынша ұйымға мүше елдер арасында электрондық құжаттар мен цифрлық қолтаңбаны өзара тануға қатысты жұмысты бірлесе жүргізген жөн", - деді президент.
Тоқаевтың айтуынша, ғарыш саласы – түркі мемлекеттерінің бәсекеге қабілетін арттыруға ықпал ететін негізгі фактордың бірі.
"Бұл бағытты жүйелі түрде дамыту үшін елдеріміздің ғылыми, технологиялық және қаржылық әлеуеті жеткілікті. Әсіресе, спутник байланысы, навигация және мониторинг саласында бірлескен жобаларды жүзеге асырып, ықпалдастығымызды кеңейте түсу қажет", - деді ол.
Сол арқылы технологиялық дербестікті нығайтып, инновациялық әлеуетті арттыруға мүмкіндік туады. Мысал ретінде президент "CubeSat-12U" ғылыми спутнигін іске қосудың маңыздылығын атап өтті.
Тоқаев түркі елдерінің жасанды интеллект орталықтарының желісін құруды ұсынды - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2026
Тоқаев түркі елдерінің ЖИ орталықтарының желісін құруды ұсынды
Жаңалықтар
0