Қазақстан Еуразияда қоймадағы жылжымайтын мүлікті дамытудың қозғаушы күшіне айналды - ЕАДБ

© Sputnik / Виталий Тимкив / Медиабанкке өтуПродовольственные предприятия ГК "Прогресс-Агро" в Краснодарском крае
Продовольственные предприятия ГК Прогресс-Агро в Краснодарском крае - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2026
Жазылу
Қазіргі заманғы қоймалардың көпшілігі Алматыда (64%) және Астанада (18%) шоғырланған
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. 2025 жылдың соңына қарай Қазақстандағы жоғары сапалы қоймалық жылжымайтын мүліктің ұсынысы 1,9 миллион шаршы метрге жетті, ал жаңадан пайдалануға берілген кеңістік 273 мың шаршы метрді құрады, деп хабарлады ЕАДБ.
Қазақстан Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ және Беларусьтегі барлық жаңа ұсыныстың 62%-ын қамтамасыз етіп, аймақтағы қойма сегменті өсуінің негізгі қозғаушы күштерінің бірі ретіндегі мәртебесін растады.
Қазіргі заманғы қоймалардың көпшілігі Алматыда (64%) және Астанада (18%) шоғырланған.
"Ұзақ мерзімді перспективада Қазақстан Еуразия қойма нарығындағы көшбасшылардың бірі ретіндегі өз орнын сақтайды. ЕАДБ болжамдарына сәйкес, елдегі жоғары сапалы қоймалық жылжымайтын мүлікке деген жалпы сұраныс 2040 жылға қарай бес еседен астамға артып, 9,3-12,6 миллион шаршы метрге жетуі мүмкін", - деп болжайды банк сарапшылары.
ЕАДБ хабарлағандай, Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азия - Еуропа бағыттарында тиімді орналасуы және Солтүстік-Оңтүстік көлік дәлізінің дамуы қоймаларға деген сұраныстың өсуіне ықпал етіп жатыр.
e-commerce мен бөлшек сауданың, соның ішінде фулфилмент-орталықтар мен "соңғы миля" қоймаларының өсуі де оң рөл атқарды. Ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің саудасы дамуы да өз үлесін қосты.
Архивное фото флагов стран-участниц Евразийского экономического союза (ЕАЭС) - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2026
ЕАЭО-да тауар айналымы 100 млрд долларға жақындады
Жаңалықтар
0