https://sputnik.kz/20260513/mama-dep-te-ayta-almady-talgar-audanynda-zhas-zhigitti-esiginin-aldynda-pyshaqtap-oltirdi-63380510.html
"Мама" деп те айта алмады": Алматы облысында жас жігітті есігінің алдында пышақтап өлтірді
"Мама" деп те айта алмады": Алматы облысында жас жігітті есігінің алдында пышақтап өлтірді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Алматы облысы Талғар ауданы Нұра ауылында 24 жастағы Жанасыл Сәрсенбайды пышақтап өлтірді. Марқұмның анасымен Sputnik Қазақстан... 13.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-13T14:30+0500
2026-05-13T14:30+0500
2026-05-13T14:51+0500
талғар
қылмыс
пышақтау
https://sputnik.kz/img/1260/23/12602382_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_ac66882e7da4fb9f3e49c86d794da383.jpg
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Алматы облысы Талғар ауданы Нұра ауылында 24 жастағы Жанасыл Сәрсенбайды пышақтап өлтірді. Марқұмның анасымен Sputnik Қазақстан тілшісі сұхбаттасып, оқиғаның мән-жайын біліп қайтты.24 жастағы тепсе темір үзетін жігітті дәл есігінің алдында пышақтап кетті. Марқұм Жанасыл Сәрсенбай анасының құшағында бақилық болды.Жанасылды көлікке салып, ауылдың ауруханасына барған, бірақ ешкімді таппай, Жетігеннің ауруханасына барады."Аурухананың алдында каталкаға салып қойып, дәрігерлер қарап тұр. "Неге тұрсыңдар?" деп жан даусым шықты. "Балаңыздан айрылып қалдық" деді. Ары қарай есімді білмеймін", - дейді Алмагүл Нұрғисат.Оқиға былай болған. Жанасыл інісі Еркебұланмен әкесінің қабіріне барады. Неге екені белгісіз, Жанасыл қабір басында көз жасына ерік берген. Ауылға қайтып келе жатып, тар жолда тұрған көлікті көреді. Көліктің екі есігі айқара ашық, жолдан өтуге кедергі болған.Не бір төбелес, не бір жанжал болмаған. Көліктен шыққандар Жанасылдың қасына келіп екі жерден - бүйірінен, өкпе тұсынан пышақ салған.Оқиға туралы Жанасылдың қасында бірге болған інісі де айтты."Бейіт басынан келе жатқанда жолда қызыл Лада 99 көлігі тұр. Алдыңғы екі есігі ашық тұр. Ағам көліктің фарын түсіріп, белгі беріп еді, пышақтаған бала "айналып өт" деді. Ағам "жарайды" деп газды басып, Ладаны айналып өтті. Олар артымыздан еріп, қайта-қайта жарығын түсіріп, бізге "тоқта" деп келе жатты. Мен ағама "үйге барып бірақ тоқта" дедім. Сөйтіп есік алдына келіп тоқтап ек, олар да келіп тоқтады", - дейді інісі.Інісі Жанасылдың жайбарақат тұрғанын айтады.Күдіктілер - 20 жастағы Нұра ауылының тұрғындары. Біреуі әскерден келгегіне 20 күн болған.Алматы облыстық полиция департаменті үш күдіктінің де қамауға алынғанын айтады."11 мамыр күні ауруханада пышақ жарақаттарының салдарынан 24 жастағы Нұра ауылының тұрғыны қайтыс болды. Оқиға туралы хабар түскеннен кейін бірден полицияның барлық сыртқы жасағы бағытталып, бақылау бекеттері қойылды. Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ізін суытпай марқұмның ауылдастары болып табылатын үш күдікті ұсталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - дейді полицияда."Адам өлтіру" және "Бұзақылық" баптары бойынша қылмыстық істер қозғалды. Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, дейді тәртіп сақшылары.
https://sputnik.kz/20260506/dosymdy-oz-qolymmen-zherledim-uos-ardagerinin-esteligi-63219954.html
талғар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1260/23/12602382_154:0:1934:1335_1920x0_80_0_0_f19f5913e07d9d8523ceb5045388a8b3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
талғар, қылмыс, пышақтау
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Алматы облысы Талғар ауданы Нұра ауылында 24 жастағы Жанасыл Сәрсенбайды пышақтап өлтірді. Марқұмның анасымен
Sputnik Қазақстан тілшісі сұхбаттасып, оқиғаның мән-жайын біліп қайтты.
24 жастағы тепсе темір үзетін жігітті дәл есігінің алдында пышақтап кетті. Марқұм Жанасыл Сәрсенбай анасының құшағында бақилық болды.
"Түнде үйде теледидар көріп жатыр ем, кіші ұлым жүгіріп кіріп, "мама, Жанасылды пышақтап кетті" деді. Жанұшыра жүгіріп далаға шықсам, ұлым тізерлеп жерде отыр екен", - дейді анасы Алмагүл Нұрғисат еңірегенде етегі толып.
Жанасылды көлікке салып, ауылдың ауруханасына барған, бірақ ешкімді таппай, Жетігеннің ауруханасына барады.
"Аурухананың алдында каталкаға салып қойып, дәрігерлер қарап тұр. "Неге тұрсыңдар?" деп жан даусым шықты. "Балаңыздан айрылып қалдық" деді. Ары қарай есімді білмеймін", - дейді Алмагүл Нұрғисат.
Оқиға былай болған. Жанасыл інісі Еркебұланмен әкесінің қабіріне барады. Неге екені белгісіз, Жанасыл қабір басында көз жасына ерік берген. Ауылға қайтып келе жатып, тар жолда тұрған көлікті көреді. Көліктің екі есігі айқара ашық, жолдан өтуге кедергі болған.
"Жанасыл жаңағы көлікте отырғандарға "өтіп кетейік, есікті жабыңдаршы" деген. Олар "айналып өт" деген. Жанасыл газды басып айналып өткен. Сөйтіп үйге келіп, көлікті есіктің алдына қойып, өзі темекі шеккелі тұрғанда, жаңағы жолдағы көлік қатты келіп, көше жаққа тоқтаған. Жанасыл оларға қарсы жүрген", - дейді анасы.
Не бір төбелес, не бір жанжал болмаған. Көліктен шыққандар Жанасылдың қасына келіп екі жерден - бүйірінен, өкпе тұсынан пышақ салған.
Оқиға туралы Жанасылдың қасында бірге болған інісі де айтты.
"Бейіт басынан келе жатқанда жолда қызыл Лада 99 көлігі тұр. Алдыңғы екі есігі ашық тұр. Ағам көліктің фарын түсіріп, белгі беріп еді, пышақтаған бала "айналып өт" деді. Ағам "жарайды" деп газды басып, Ладаны айналып өтті. Олар артымыздан еріп, қайта-қайта жарығын түсіріп, бізге "тоқта" деп келе жатты. Мен ағама "үйге барып бірақ тоқта" дедім. Сөйтіп есік алдына келіп тоқтап ек, олар да келіп тоқтады", - дейді інісі.
Інісі Жанасылдың жайбарақат тұрғанын айтады.
"Бір қарасам, пышақтаған баланың қолында 2 пышақ болды. Ағама кезек-кезек тығып жатыр. Мен ағама тұра жүгірдім. Ағам тізерлеп отырып қалды. Ана балалар машинаға отыра салып, қашып бара жатыр. Олар қастарынан газды басып өткенімізге ашуланды", - дейді марқұмның інісі.
Күдіктілер - 20 жастағы Нұра ауылының тұрғындары. Біреуі әскерден келгегіне 20 күн болған.
Алматы облыстық полиция департаменті үш күдіктінің де қамауға алынғанын айтады.
"11 мамыр күні ауруханада пышақ жарақаттарының салдарынан 24 жастағы Нұра ауылының тұрғыны қайтыс болды. Оқиға туралы хабар түскеннен кейін бірден полицияның барлық сыртқы жасағы бағытталып, бақылау бекеттері қойылды. Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ізін суытпай марқұмның ауылдастары болып табылатын үш күдікті ұсталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - дейді полицияда.
"Адам өлтіру" және "Бұзақылық" баптары бойынша қылмыстық істер қозғалды. Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, дейді тәртіп сақшылары.