Жетісуда полицейді ұрған ер адам сотталды

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуТюрьма, иллюстративное фото
Тюрьма, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2026
Жазылу
Оған 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы кесілді
АЛМАТЫ, 12 мамыр – Sputnik. Жетісу облысында полиция қызметкеріне жұдырық жұмсаған ер адамға үкім шықты, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Оқиға Үштөбе қаласында болған. "102" пультіне түскен шақырту бойынша барған полицияға ер адам күш қолданған.
"Заң талаптарын орындаудың орнына, ер адам агрессия танытып, полиция қызметкерінің бетінен алақанмен ұрған. Қызметтік бейнежетонын жұлып алып, погонын бүлдірген", - дейді прокуратура.
Абырой болғанда полицей қатты зардап шекпеген. Бұзақының 2 жылға бас бостандығы шектелді. Сондай-ақ мәжбүрлі еңбекке тартылды. Мемлекетке келтірілген материалдық шығын толық көлемде өндірілді.
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2023
Полицейді үтікпен бастан ұрған ер адам ұсталды
Жаңалықтар
0