Полицейді үтікпен бастан ұрған ер адам ұсталды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуНаручники
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2023
Жазылу
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Ақсу қаласында ер адам мас күйінде полицейге шабуыл жасап, тәртіп сақшысын басынан үтікпен бір ұрған. Онымен қоймай, тістеп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Кешкі уақытта полицияға Қамзин көшесінде тұратын әйел хабарласып, көмек сұрады. Баласы жанжал шығарды. Оқиға орнына бірден учаскелік инспектор барды. Пәтерде шағым түсірген әйел мен ұлы болды. Ер адам мас күйінде отырған. Анасы полицейлерге ұлының таныштық бермегенін және агрессия көрсеткенін мәлімдеді.
Ал ер адам үйге келген полицейлерден қорыққан да жоқ. Мәселенің мән-жайын анықтауға келгенде үтікті алып, учаскелік инспектордың басынан бір ұрды. Оған қоса, білегінен тістеп алды. Сол жерде автопатруль жіберуге тура келді. Олар мас бұзақыны полиция бөліміне жеткізді.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 380-бабы, 3-тармағы (Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері, мірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Айта кетері, осы қылмыс үшін 4 000 АЕК-ке (13 800 000 теңгеге) дейінгі айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 1 000 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар, я болмаса, екі жылдан төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Байқоңыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.07.2023
Байқоңырда полицейді басып кете жаздаған ауыл тұрғыны көлігінен айырылуы мүмкін
Жаңалықтар
0