https://sputnik.kz/20260512/almatyda-bir-kunde-zharty-aydagy-zhanbyr-zhaudy-63337734.html
Алматыда бір күнде жарты айдағы жаңбыр жауды
Алматыда бір күнде жарты айдағы жаңбыр жауды
Sputnik Қазақстан
Осыған байланысты коммуналдық қызмет су басудың алдын алу және оларды жедел жою мақсатында күшейтілген режимде жұмыс жүргізіп жатыр 12.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-12T08:06+0500
2026-05-12T08:06+0500
2026-05-12T08:06+0500
алматы
жаңбыр
көктем
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0e/52459924_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_732599d2c080bc927f5c8b71660e8278.jpg
АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Алматыда бір күнде жарты айда жауатын жауын-шашын түсті, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.Алматыда жауын-шашынның рекордтық мөлшері тіркелді.Осыған байланысты коммуналдық қызмет су басудың алдын алу және оларды жедел жою мақсатында күшейтілген режимде жұмыс жүргізіп жатыр.Сонымен қатар, Алматы қаласының құтқару қызметі де кезекшілікке кіріскен. Олардың қарамағында ассенизаторлық көлік пен 15 мотопомпа бар. Ал төтенше жағдайлар департаменті тарапынан 53 арнайы техника мен 240 қызметкер тартылған.Жалпы алғанда, қала инфрақұрылымының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бір тәулік ішінде 3 080 жол саласы жұмысшысы мен 1 225 арнайы техника қатыстырылған. Жедел әрекет ету үшін 2 300 құм толтырылған қап дайындалды.Синоптиктердің болжауынша, 12 мамыр күні Алматыда кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ал 13 мамырдан бастап жауын-шашын тоқтап, күн ала бұлтты болады.
https://sputnik.kz/20260511/almatyda-kommunaldyq-qyzmetter-kusheytilgen-rezhimge-koshirildi-63327560.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0e/52459924_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_d9f4b8b4e167431e3f05d1e4c84ae2a3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, жаңбыр, көктем
Алматыда бір күнде жарты айдағы жаңбыр жауды
Осыған байланысты коммуналдық қызмет су басудың алдын алу және оларды жедел жою мақсатында күшейтілген режимде жұмыс жүргізіп жатыр
АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Алматыда бір күнде жарты айда жауатын жауын-шашын түсті, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алматыда жауын-шашынның рекордтық мөлшері тіркелді.
"10 мамыр күні сағат 11:00-ден 11 мамыр күні сағат 20:00-ге дейін қала аумағына 50,4 мм жауын-шашын түскен. Бұл мамыр айына белгіленген айлық норманың (99 мм) 51 пайызына тең", - деп жазылған хабарламада.
Осыған байланысты коммуналдық қызмет су басудың алдын алу және оларды жедел жою мақсатында күшейтілген режимде жұмыс жүргізіп жатыр.
Сонымен қатар, Алматы қаласының құтқару қызметі де кезекшілікке кіріскен. Олардың қарамағында ассенизаторлық көлік пен 15 мотопомпа бар. Ал төтенше жағдайлар департаменті тарапынан 53 арнайы техника мен 240 қызметкер тартылған.
Жалпы алғанда, қала инфрақұрылымының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бір тәулік ішінде 3 080 жол саласы жұмысшысы мен 1 225 арнайы техника қатыстырылған. Жедел әрекет ету үшін 2 300 құм толтырылған қап дайындалды.
Синоптиктердің болжауынша, 12 мамыр күні Алматыда кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ал 13 мамырдан бастап жауын-шашын тоқтап, күн ала бұлтты болады.