https://sputnik.kz/20260511/almatyda-kommunaldyq-qyzmetter-kusheytilgen-rezhimge-koshirildi-63327560.html
Алматыда коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшірілді
Алматыда коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшірілді
Sputnik Қазақстан
3080 жол саласы жұмысшысы мен 1225 арнайы техника жұмылдырылып отыр 11.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-11T14:00+0500
2026-05-11T14:00+0500
2026-05-11T14:00+0500
ауа райы
алматы
жаңбыр
https://sputnik.kz/img/207/34/2073435_0:0:1200:676_1920x0_80_0_0_26f0b24023a4ae10a0065c9c384c3ae2.jpg
АСТАНА, 11 мамыр-Sputnik. Алматыда жауын-шашынға байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшті, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі. Синоптиктердің болжауынша, қалада жауын-шашын 12 мамыр түске дейін жауады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнап, желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге дейін күшеюі мүмкін.Қосымша Алматы қаласының құтқару қызметі мен төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тартылды.Жалпы қала бойынша 3080 жол саласы жұмысшысы мен 1225 арнайы техника жұмылдырылды.Әкімдік қала тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздік шараларын сақтап, ауа райы жағдайын ескеруді сұрайды.
https://sputnik.kz/20260508/tunde-usik-zhuredi-sinoptikter-aldagy-ush-kunge-aua-rayy-bolzhamyn-zhasady-63269480.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/207/34/2073435_69:0:1136:800_1920x0_80_0_0_d3ed1a2cd160609d5c981fbd9c0ec904.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауа райы, алматы, жаңбыр
Алматыда коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшірілді
3080 жол саласы жұмысшысы мен 1225 арнайы техника жұмылдырылып отыр
АСТАНА, 11 мамыр-Sputnik. Алматыда жауын-шашынға байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшті, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Синоптиктердің болжауынша, қалада жауын-шашын 12 мамыр түске дейін жауады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнап, желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге дейін күшеюі мүмкін.
"Су басу қаупінің алдын алу және салдарын жедел жою мақсатында коммуналдық қызметтер мен мердігер ұйымдардың тәулік бойғы кезекшілігі ұйымдастырылды. Кезекшілікке 104 арнайы техника, 74 мотопомпа, 12 ассенизаторлық көлік, 75 жедел бригада және 425 жол қызметкері жұмылдырылды. Сондай-ақ, 2300 құм салынған қап дайындалды", - делінген хабарламада.
Қосымша Алматы қаласының құтқару қызметі мен төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тартылды.
Жалпы қала бойынша 3080 жол саласы жұмысшысы мен 1225 арнайы техника жұмылдырылды.
Әкімдік қала тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздік шараларын сақтап, ауа райы жағдайын ескеруді сұрайды.