Түнде үсік жүреді: синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын жасады

© Sputnik / Анатолий УстиненкоПодснежник
Подснежник  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.05.2026
Жазылу
АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. "Қазгидромет" синоптиктері 9, 10 және 11 мамырға жасалған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады –найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
"9 мамырда елдің оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде, ал 10-11 мамырда шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Кей жерлерде бұршақ жауып, екпінді жел соғады", - деп жазылған хабарламада.
Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін, түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.
Қазақстан аумағында ауа температурасы біртіндеп төмендейді. 11 мамырда елдің солтүстік бөлігінде түнде 1-6 градусқа дейін үсік жүреді.
Күндізгі температура көрсеткіші:
батыста: 13-28 градус жылы,
солтүстік-батыста: 10-18 градус жылы,
солтүстікте: 5-13 градус жылы,
орталық пен шығыста: 8-18 градус жылы,
оңтүстікте: 17-26 градус жылы,
оңтүстік-шығыста: 15-22 градус жылы,
таулы аймақтарда: 8-13 градус жылы болады.
Жаңалықтар
0