Бүгін 2026 жылғы негізгі ҰБТ басталды

Тестілеу орталығы - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.05.2026
Жазылу
ҰБТ-ның бірінші күні бүкіл еліміз бойынша 926 адам, оның ішінде елордада 359 талапкер тестілеуден өтеді
АСТАНА, 10 мамыр – Sputnik. 10 мамырда елімізде 2026 жылғы негізгі ҰБТ басталды, деп хабарлады ғылым және жоғарғы білім министрлігі.
Бүгін басталған негізгі ұлттық бірыңғай тестілеу 10 шілдеге дейін жалғасады.
240 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға екі мүмкіндікті есепке алғанда 446 мыңнан астам өтініш берген (2025 жылы – 216 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға екі мүмкіндікті есепке алғанда 399 мың өтініш). Оның ішінде тапсырушылардың 74%-ы қазақ тілінде, 26%-ға жуығы орыс тілінде, 851 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтуге өтініш білдірді.
"Өтініш беру кезінде талапкерлер тестілеу күнін, уақытын және пунктін өздері таңдады. ҰБТ-ның бірінші күні бүкіл еліміз бойынша 926 адам, оның ішінде елордада 359 талапкер тестілеуден өтеді. Жалпы ҰБТ 45 тестілеу пунктінде ұйымдастырылған. Бірнеше жыл қатарынан ең көп таңдалған бейіндік пәндер комбинациясы "Математика-Физика" болып қалып отыр – оны түлектердің 17,9%-ы таңдады", – деді Ұлттық тестілеу орталығының директора Нұрсейіт Байжанов.
Бұл талапкерлердің инженерлер, мұғалімдер, энергетиктер, құрылысшылар және басқа да техникалық мамандықтарға деген ұмтылысын көрсетеді.
Танымалдығы бойынша келесі комбинациялар анықталды:
болашақ медиктерге бағытталған "Биология-Химия" комбинациясы (14,5%)
шығармашылық бағытқа қызығушылық танытқан талапкерлерді тартатын "Шығармашылық емтихан" комбинациясы (12,4%)
Негізгі ҰБТ-ға дайындық деңгейін арттыру үшін қаңтар және наурыз ҰБТ-ларын тапсырған талапкерлерге әр пән бойынша жеке тақырыптық талдау ұсынылған. Яғни әрбір ҰБТ-дан кейін (қаңтар, наурыз) түлектер өздерінің әлсіз тұстарын анықтап, сол бағытта дайындалып, білімдерін жетілдіруге мүмкіндік алды. Сондай-ақ бірінші мүмкіндікті тапсырғаннан кейін, оларда екінші тестілеуге дайындықты жақсарту үшін уақыт болады.
Ұлттық бірыңғай тестілеу - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2026
Келесі жылы оқушылар ҰБТ-ны басқаша тапсырады – үкімет нақты өзгерістерді жариялады
Жаңалықтар
0