https://sputnik.kz/20260417/kelesi-zhyly-oqushylar-ubt-ny-basqasha-tapsyrady--ukimet-naqty-ozgeristerdi-zhariyalady-62748033.html
Келесі жылы оқушылар ҰБТ-ны басқаша тапсырады – үкімет нақты өзгерістерді жариялады
Келесі жылы оқушылар ҰБТ-ны басқаша тапсырады – үкімет нақты өзгерістерді жариялады
Sputnik Қазақстан
Қазіргі кезде жоғары оқу орындары білімді, дарынды жастарды өз бетінше іріктей алмайды 17.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-17T14:56+0500
2026-04-17T14:56+0500
2026-04-17T14:57+0500
үкімет
ұбт
министрлік
https://sputnik.kz/img/07ea/01/0a/60292121_0:0:1080:608_1920x0_80_0_0_af99f3f2ffacdf62174e7fd90e8e7376.jpg
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ҰБТ-ның қалай өзгеретінін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Үкімет білім саласындағы кемшіліктерді анықтап, түзетуге кірісті.Осыған байланысты ҰБТ-ға қатысты бірқатар шаралар қолға алынады. Олар:Осылайша, келесі жылдан бастап педагогикалық мамандықтарға түсу кезінде ҰБТ-мен қатар ауызша емтихандардың нәтижелері де ескеріледі."Бұл емтихандарда талапкерлердің сыни ойлау қабілеті мен коммуникациялық дағдылары негізгі критерий болады. Сондай-ақ бұл мәселеде халықаралық сарапшылармен бірлесіп әзірленіп жатқан жаңа Admissions Insight Test тапсырмаларына ерекше мән беріледі", - деді вице-премьер.Ал ҰБТ-ны бір рет тапсыруға мүмкіндік берілсе де, білім деңгейін бағалау және дайындық әдістерін уақытылы түзету үшін сынақ тестілеу жүйесі қала береді.
https://sputnik.kz/20260409/nauryzdagy-ubt-kezinde-130-talapker-testileuden-shettetildi-62517814.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/01/0a/60292121_103:0:1063:720_1920x0_80_0_0_03c67556474dee3047997995c75617a5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, ұбт, министрлік
Келесі жылы оқушылар ҰБТ-ны басқаша тапсырады – үкімет нақты өзгерістерді жариялады
14:56 17.04.2026 (жаңартылды: 14:57 17.04.2026) Қазіргі кезде жоғары оқу орындары білімді, дарынды жастарды өз бетінше іріктей алмайды
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ҰБТ-ның қалай өзгеретінін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Үкімет білім саласындағы кемшіліктерді анықтап, түзетуге кірісті.
"Атап айтсақ, ҰБТ-ны бірнеше рет тапсыру жүйесі талапкерлерді сапалы іріктеу мәселесін толық шешпейді. Сонымен қатар, қазіргі кезде жоғары оқу орындары білімді, дарынды жастарды өз бетінше іріктей алмайды. Себебі мүмкіндіктері шектеулі. Бұл, ең алдымен, адами капиталды дамытудың негізгі қозғаушы күші саналатын педагогикалық жоғары оқу орындарына қатысты", - дейді Балаева.
Осыған байланысты ҰБТ-ға қатысты бірқатар шаралар қолға алынады. Олар:
педагогикалық жоғары оқу орындарына талапкерлерді іріктеу кезінде тестілеу жүйесі мен арнайы емтихандарды қатар қолданатын гибридті бағалау формасын енгізу;
ҰБТ-ны бір рет тапсыратындай етіп бекіту;
жоғары оқу орындарына шартты түрде қабылдау жүйесінен бас тарту;
Осылайша, келесі жылдан бастап педагогикалық мамандықтарға түсу кезінде ҰБТ-мен қатар ауызша емтихандардың нәтижелері де ескеріледі.
"Бұл емтихандарда талапкерлердің сыни ойлау қабілеті мен коммуникациялық дағдылары негізгі критерий болады. Сондай-ақ бұл мәселеде халықаралық сарапшылармен бірлесіп әзірленіп жатқан жаңа Admissions Insight Test тапсырмаларына ерекше мән беріледі", - деді вице-премьер.
Ал ҰБТ-ны бір рет тапсыруға мүмкіндік берілсе де, білім деңгейін бағалау және дайындық әдістерін уақытылы түзету үшін сынақ тестілеу жүйесі қала береді.