Дзюдошы Әбиба Әбужақыноваға "Құрмет" ордені табысталды

© Photo : Туризм және спорт министрлігіДзюдошы Абиба Әбужақыноваға "Құрмет" ордені табысталды
Дзюдошы Абиба Әбужақыноваға Құрмет ордені табысталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.05.2026
Жазылу
АСТАНА, 9 мамыр – Sputnik. Дзюдошы Әбиба Әбужақыноваға "Құрмет" ордені тапсырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Бүгін Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam 2026 турнирі ашылды. Салтанатты шарада министр Ербол Мырзабосынов әлем чемпионатының күміс жүлдегері дзюдошы Әбиба Әбужақынованы "Құрмет" орденімен марапаттады.
Айта кетері, 8-10 мамыр күндері аралығында әлемнің 36 елінен 295 үздік дзюдошысы Астана татамиінде өзара мықтыны анықтайды.
Кешегі жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 1 күміс пен 1 қола жүлде жеңіп алған. Ал бүгін тағы үш отандасымыз финалдық бөлімде белдеседі.
Дзюдоистка Абиба Абужакынова - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2025
Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингте 2-орынға көтерілді
Жаңалықтар
0