https://sputnik.kz/20250625/abiba-abuzhaqynova-alemdik-reytingte-2-orynga-koterildi-55102760.html
Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингте 2-орынға көтерілді
Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингте 2-орынға көтерілді
Sputnik Қазақстан
Үш қазақ балуаны өз салмақ дәрежелерінде ТОП-10 палуанның қатарына еніп отыр 25.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-25T19:27+0500
2025-06-25T19:27+0500
2025-06-25T19:27+0500
қазақстандық балуан
рейтинг
https://sputnik.kz/img/07e9/03/09/51464151_0:0:800:450_1920x0_80_0_0_7212a03a9ccbb40ed8523d98b31d2b92.jpg
АСТАНА, 25 маусым – Sputnik. Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Будапешт қаласында мәресіне жеткен әлем чемпионатынан кейін дзюдошылардың әлемдік рейтингін жаңартты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.Әлемдік ұйым ұсынып отырған рейтингке сәйкес, үш отандасымыз өз салмақ дәрежелерінде ТОП-10 палуанның қатарына еніп отыр.Ерлер арасында Париж Олимпиадасының жеңімпазы, әлем чемпионы Елдос Сметов (9-орын) биылдыққа татамиге шықпаса да, әлі де әлемнің ең үздік 10 дзюдошының қатарында тұр. Сондай-ақ Париж Олимпиадасының қола, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев әлем чемпионатындағы нәтижесіне байланысты рейтингте 7 саты көтеріліп, ТОП-10 палуанның қатарына қосылды.Бұдан бөлек, 60 келідегі Мағжан Шамшадин 19-орынға көтерілсе, Абылайхан Жұбаназар (81 кг) мен Нұрлыхан Шархан (100 кг) рейтингтегі орындарын сақтап қалды.100 келіден жоғары салмақта белдесетін Ерасыл Қажыбаев та әлем чемпионатынан кейін жағдайын жақсартып алды. Рейтингте 7 сатыға жоғарылап, ТОП-20 дзюдошының қатарына қосылды.
https://sputnik.kz/20250613/54641033.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/09/51464151_100:0:700:450_1920x0_80_0_0_2c5d1a48580d35a93abfc3bf52ab8390.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстандық балуан, рейтинг
қазақстандық балуан, рейтинг
Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингте 2-орынға көтерілді
Үш қазақ балуаны өз салмақ дәрежелерінде ТОП-10 палуанның қатарына еніп отыр
АСТАНА, 25 маусым – Sputnik. Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Будапешт қаласында мәресіне жеткен әлем чемпионатынан кейін дзюдошылардың әлемдік рейтингін жаңартты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.
Әлемдік ұйым ұсынып отырған рейтингке сәйкес, үш отандасымыз өз салмақ дәрежелерінде ТОП-10 палуанның қатарына еніп отыр.
"Мәселен, әйелдер арасындағы бәсекеде отандық дзюдо тарихында алғаш рет финалда белдесіп, күміс жүлдегер атанған Әбиба Әбужақынова (48 кг) рейтингте екі саты жоғарылап, 5662 ұпаймен 2-орынға жайғасты", - деп жазылған хабарламада.
Ерлер арасында Париж Олимпиадасының жеңімпазы, әлем чемпионы Елдос Сметов (9-орын) биылдыққа татамиге шықпаса да, әлі де әлемнің ең үздік 10 дзюдошының қатарында тұр. Сондай-ақ Париж Олимпиадасының қола, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев әлем чемпионатындағы нәтижесіне байланысты рейтингте 7 саты көтеріліп, ТОП-10 палуанның қатарына қосылды.
Бұдан бөлек, 60 келідегі Мағжан Шамшадин 19-орынға көтерілсе, Абылайхан Жұбаназар (81 кг) мен Нұрлыхан Шархан (100 кг) рейтингтегі орындарын сақтап қалды.
"Абылайхан 14-орында, Нұрлыхан 26-орында тұр. Әлем чемпионатында 90 келіде белдескен Мейірлан Максим бірден 36 саты көтеріліп, 41-орынға жоғарылады. Ол жаһандық доданың 1/8 финалында төрт дүркін әлем чемпионы (үшеуі командалық сайыста) жапониялық Гоки Тадзимадан жеңіліп қалған еді", - деп хабарлады ведомство.
100 келіден жоғары салмақта белдесетін Ерасыл Қажыбаев та әлем чемпионатынан кейін жағдайын жақсартып алды. Рейтингте 7 сатыға жоғарылап, ТОП-20 дзюдошының қатарына қосылды.