Қазақстан ресейлік сүт өнімдерінің ең ірі импорттаушысы болды

© Sputnik / Михаил Мордасов / Медиабанкке өтуСүт өнімдері
Сүт өнімдері - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.05.2026
Жазылу
Республика 30 миллион доллардан астам сомаға ірімшік, сүзбе және кілегей сатып алды
АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. Ресей сүт өнімдерінің экспортын 13%-ға арттырды, деп хабарлады РФ АӨК өнімдер экспортын дамыту федералды орталығы.
2026 жылдың алғашқы үш айында (наурыз айындағы ЕАЭО деректерін қоспағанда) Ресей 96 миллион долларға 43 мың тонна сүт өнімдерін экспорттады.
Қазақстан Ресей сүт өнімдерінің ең ірі импорттаушысы болды. Республика көрші елден 30 миллион доллардан астам сомаға өнім сатып алды.
Екінші орында шамамен 14 миллион доллармен Өзбекстан тұр. Одан кейін:
Беларусь - 12,5 млн доллардан астам;
Әзербайжан - 5 млн доллардан астам;
Грузия - 4,5 млн доллардан астам.
Экспортталатын өнімдердің бес негізгі түрі:
ірімшік және сүзбе;
ашытылған сүт өнімдері;
сүт және кілегей - 19 млн;
сарысу және басқа да сүт өнімдері;
балмұздақ.
В Казахстане продолжают масштабировать опыт Северо-Казахстанской  области по открытию молочно-товарных ферм - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.01.2026
Қонаевта жылына 13 млн литр сүт өндіретін ферма салынады
Жаңалықтар
0