https://sputnik.kz/20260105/qonaevta-zhylyna-13-mln-litr-sut-ondiretin-ferma-salynady-60157456.html
Қонаевта жылына 13 млн литр сүт өндіретін ферма салынады
Қонаевта жылына 13 млн литр сүт өндіретін ферма салынады
Sputnik Қазақстан
Инвестжоба 2030 жылға дейін жүзеге асады деп жоспарланып отыр 05.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-05T18:03+0500
2026-01-05T18:03+0500
2026-01-05T18:03+0500
қонаев қаласы
сүт өнімдері
ферма
https://sputnik.kz/img/07e8/06/08/44849749_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_017445599816903efdbfaecf4f8eaa9b.jpg
АЛМАТЫ, 5 қаңтар – Sputnik. Қонаев қаласына қарасты Шеңгелді ауылдық округінің аумағында 1200 басқа арналған сүт-тауар фермасы бой көтереді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.Құрылыс жұмыстарын бастауға 1955 гектар жер телімі бөлінді. Қазіргі таңда оның 700 гектарына мал азығы дақылдарын егу үшін жер дайындалып жатыр. Мұнда тамшылатып және жаңбырлатып суару технологиясы қолданылмақ.Жоба аясында екі негізгі технологиялық үдеріс көзделген. Бірінші үдеріс мал азығы дақылдарын өсіру болса, екіншісі – тауарлы сүт өндіру.Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов ивестжобаны халыққа таныстыру үшін жиын өткізді."Зауыт салынуын жан-жақты қолдауымыз қажет. Кәсіпорынның бой көтеруі ауылдағы жұртшылықтың әл-ауқатына, қала экономикасына тікелей әсер етеді. Алдағы уақытта қалада 40-тан астам инвестжоба жүзеге асырылмақ", – деді шаһар басшысы.Айта кетері, былтыр Қонаев қаласына 100 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды.
қонаев қаласы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/06/08/44849749_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_6a7c58b705f38258027c9b3f99a924a0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қонаев қаласы, сүт өнімдері, ферма
қонаев қаласы, сүт өнімдері, ферма
Қонаевта жылына 13 млн литр сүт өндіретін ферма салынады
Инвестжоба 2030 жылға дейін жүзеге асады деп жоспарланып отыр
АЛМАТЫ, 5 қаңтар – Sputnik. Қонаев қаласына қарасты Шеңгелді ауылдық округінің аумағында 1200 басқа арналған сүт-тауар фермасы бой көтереді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Құрылыс жұмыстарын бастауға 1955 гектар жер телімі бөлінді. Қазіргі таңда оның 700 гектарына мал азығы дақылдарын егу үшін жер дайындалып жатыр. Мұнда тамшылатып және жаңбырлатып суару технологиясы қолданылмақ.
"Инвестжоба 2030 жылға дейін жүзеге асады деп жоспарланып отыр. Тартылатын инвестиция көлемі – 15 млрд теңгеден астам. Жоба жүзеге асса, 100 жаңа жұмыс орны құрылады. Ферманың жылдық қуаттылығы 13 млн литр сүт өндіруге жеткілікті болмақ", - дейді баспасөз қызметі.
Жоба аясында екі негізгі технологиялық үдеріс көзделген. Бірінші үдеріс мал азығы дақылдарын өсіру болса, екіншісі – тауарлы сүт өндіру.
Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов ивестжобаны халыққа таныстыру үшін жиын өткізді.
"Зауыт салынуын жан-жақты қолдауымыз қажет. Кәсіпорынның бой көтеруі ауылдағы жұртшылықтың әл-ауқатына, қала экономикасына тікелей әсер етеді. Алдағы уақытта қалада 40-тан астам инвестжоба жүзеге асырылмақ", – деді шаһар басшысы.
Айта кетері, былтыр Қонаев қаласына 100 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды.