https://sputnik.kz/20260508/qarzhy-tartuga-shekteu-engiziledi-deputattar-saylauga-qatysty-ozgeristi-qoldady-63264831.html
"Қаржы тартуға шектеу енгізіледі": депутаттар сайлауға қатысты өзгерісті қолдады
"Қаржы тартуға шектеу енгізіледі": депутаттар сайлауға қатысты өзгерісті қолдады
Sputnik Қазақстан
Сайлау кезінде бір мезгілде мәслихат депутаттығына және әкімге кандидат болуға тыйым салынады 08.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-08T12:05+0500
2026-05-08T12:05+0500
2026-05-08T12:05+0500
депутаттар
сайлау
өзгерістер
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0c/16002746_0:42:3495:2008_1920x0_80_0_0_e9f563984f89e679a087df6c9d7d23eb.jpg
АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. Парламент сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістерді мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Әкімді сайлауға қатысты түзетулерЗаңда алдымен әкімді сайлау кезінде қайта дауыс беру мәселелері реттеліп отыр. Атап айтқанда, әкім лауазымына кандидаттардың жинаған дауысы тең болған жағдайда аумақтық сайлау комиссиясы бір айдың ішінде қайта дауыс беруді өткізу туралы шешім қабылдайды.Сайлау кезінде бір мезгілде мәслихат депутаттығына және әкімге кандидат болуға тыйым салынады. Сондай-ақ бірнеше сайлау округі бойынша әкімдікке кандидат болуға рұқсат жоқ.Үгіт-насихатқа қатысты өзгерістерЗаңға сәйкес, онлайн-платформаларды пайдалану кезінде кандидаттарға үгіт материалдарын орналастыру үшін тең жағдай жасалуы шарт.Қаржы тартуға шектеу енгізіледіБұдан былай кандидаттар мен саяси партияларға сайлау қорларынан тыс қаржы тартуға тыйым салынды.Бұдан бөлек, кандидаттарды қолдау үшін қол жинау тәртібі нақтыланды.Талап күшейтіледіЗаң бойынша сайлау комиссияларының мүшелеріне қойылатын талап күшейтіледі. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін, сондай-ақ ауыр немесе аса ауыр қылмыстар үшін сотталған азаматтар сайлау комиссияларының құрамына кіре алмайды.Сонымен қатар сайлау комиссиялары мүшелерінің жауапкершілігі де артады.Сайлау комиссияларының өкілеттiк мерзiмi бес жылды құрайды.Айта кетері, бүгін парламент палаталары сайлау заңнамасына енгізілген түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Алдағы уақытта екінші оқылымда қаралады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0c/16002746_382:0:3113:2048_1920x0_80_0_0_9d37b1092174ac17ea3283aef3e4ad22.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
депутаттар, сайлау, өзгерістер
депутаттар, сайлау, өзгерістер
"Қаржы тартуға шектеу енгізіледі": депутаттар сайлауға қатысты өзгерісті қолдады
Сайлау кезінде бір мезгілде мәслихат депутаттығына және әкімге кандидат болуға тыйым салынады
АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. Парламент сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістерді мақұлдады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әкімді сайлауға қатысты түзетулер
Заңда алдымен әкімді сайлау кезінде қайта дауыс беру мәселелері реттеліп отыр. Атап айтқанда, әкім лауазымына кандидаттардың жинаған дауысы тең болған жағдайда аумақтық сайлау комиссиясы бір айдың ішінде қайта дауыс беруді өткізу туралы шешім қабылдайды.
Сайлау кезінде бір мезгілде мәслихат депутаттығына және әкімге кандидат болуға тыйым салынады. Сондай-ақ бірнеше сайлау округі бойынша әкімдікке кандидат болуға рұқсат жоқ.
Үгіт-насихатқа қатысты өзгерістер
Заңға сәйкес, онлайн-платформаларды пайдалану кезінде кандидаттарға үгіт материалдарын орналастыру үшін тең жағдай жасалуы шарт.
"Егер кандидат белгілі бір саяси партиядан ұсынылса, ол сол партияның ресми интернет-ресурстарын және әлеуметтік желідегі аккаунттарын қосымша келісім шартсыз пайдалана алады. Яғни, кандидат партиялық платформаларда үгіт-насихат материалдарын жариялай алады", - деді вице-премьер Серік Жұманғарин парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Қаржы тартуға шектеу енгізіледі
Бұдан былай кандидаттар мен саяси партияларға сайлау қорларынан тыс қаржы тартуға тыйым салынды.
Бұдан бөлек, кандидаттарды қолдау үшін қол жинау тәртібі нақтыланды.
"Әкім болуға ұсынған кандидатқа қол жинау сайлау округіндегі елді мекендер санының жартысының өкілдерін және сайлаушылардың жалпы санының 1 процентін қамтуға тиіс", - деп атап өтті Жұманғарин.
Заң бойынша сайлау комиссияларының мүшелеріне қойылатын талап күшейтіледі. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін, сондай-ақ ауыр немесе аса ауыр қылмыстар үшін сотталған азаматтар сайлау комиссияларының құрамына кіре алмайды.
Сонымен қатар сайлау комиссиялары мүшелерінің жауапкершілігі де артады.
"Енді комиссия мүшесі лауазымдық өкілеттіктерді бұзғаны анықталған жағдайда тиісті комиссия оған ескерту жасауға құқылы болады және 6 ай ішінде заң бұзушылықтар қайталанса, оның өкілеттігін тоқтату мүмкіндігі көзделіп отыр", - деді вице-премьер.
Сайлау комиссияларының өкілеттiк мерзiмi бес жылды құрайды.
Айта кетері, бүгін парламент палаталары сайлау заңнамасына енгізілген түзетулерді бірінші оқылымда
мақұлдады. Алдағы уақытта екінші оқылымда қаралады.