Парламент палаталары Құрылтай туралы заңды бірінші оқылымда мақұлдады

© Sputnik / Абзал КалиевЗдание парламента Казахстана
Здание парламента Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.05.2026
Жазылу
Заң жобасы осы жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді
АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. Парламент палаталары "Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңды бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Заң жобасына сәйкес, құрылтай 145 депутаттан тұрады. Олардың барлығы пропорционалдық жүйемен, яғни, партиялық тізіммен сайланады. Құрылтай депутатының өкілдік мерзімі – 5 жыл.
"Парламенттің бір палаталық жүйесі институционалдық инерцияны төмендетеді, өйткені заң жобалары бір жерде қаралады және қабылданған шешімдер үшін жауапкершілік палатар арасында шашырамайды. Өз кезегінде, бұл саяси процесті қоғам үшін неғұрлым түсінікті етіп, Құрылтайдың жеке және партиялық жауапкершілігін күшейтеді", - деді депутат Айдос Сарым парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Сондай-ақ заңда Құрылтайдың заңдарды қабылдау, мемлекеттік органдарды қалыптастыруға қатысу және парламенттік бақылаудың тетіктерін жүзеге асыру құзыреті айқындалған. Депутаттық бірлестіктерді қалыптастыру, парламенттік көпшілік пен оппозиция, депутаттық әдеп қағидалары да белгіленіп отыр.
"Заң қабылданып күшіне енетін болса, парламент мәжілісіне енгізілген заң жобаларын Құрылтай осы Конституциялық заңға және Құрылтайдың регламентіне сәйкес қарайды. Заң жобасы осы жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді", - деді Сарым.
Айта кетері, мәжіліс пен сенат депутаттары осы заңды тағы екінші оқылымда қарайды.
Жаңалықтар
0