Полицейлер гаражда "бизнес" жасаған семейлікті ұстады

© Photo : Polisia.kzВ Семее ликвидирован канал поставки наркотиков
В Семее ликвидирован канал поставки наркотиков - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.05.2026
Жазылу
Семей тұрғыны гаражын есірткі қоймасына айналдырған
АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. Семей тұрғынының гаражынан 154 кг марихуана тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Есірткі одан әрі Абай облысы аумағында тарату мақсатында целлофан қаптамаларына оралған.
"Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар барлық күдіктіні ұстау бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полицей формасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2026
Жыл басынан бері шамамен 3 тонна есірткі айналымға жіберілмеді - ІІМ
Жаңалықтар
0