Жыл басынан бері шамамен 3 тонна есірткі айналымға жіберілмеді - ІІМ

© Photo : Polisia.kzПолицей формасы
Полицей формасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2026
Жазылу
Оның ішінде 840 килограмм синтетика тәркіленді
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Жыл басынан бері айналымға шамамен үш тонна есірткі жіберілмеді, деп хабарлады ішкі істер министрлігі.
Министрлік "Заң мен Тәртіп" қағидаты бойынша жұмыстар жалғасып жатқанын хабарлады.
Биыл үш айда 34 жасырын есірткі зертханасы жойылды: 10-ы синтетикалық есірткі өндіру бойынша, 24-і - фитозертхана. Мысалы, Талдықорған қаласында шетел азаматтары бірден екі есірткі зертханасын ұйымдастырған. Жабдықтар, реагенттер және дайын есірткі өнімдері тәркіленді. Күдіктілердің әрекеттері DarkNet арқылы жүргізілген.
"Жалпы заңсыз айналымнан шамамен үш тонна есірткі, оның ішінде 840 килограмм синтетика тәркіленді. Бұл үш миллионнан астам бір реттік дозаға тең. Есірткі бизнесіне келтірілген шығын 29 миллиард теңгеден астам", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар 11 тонна прекурсор айналымға жіберілмеді.
"Шамамен 6 мың қазақстандық және 108 мың шетелдік карт-шот бұғатталып, олар бойынша барлық транзакция түріне шектеу қойылды. 93 миллион теңге көлеміндегі қаражат тоқтатылды", - деп хабарлады министрлікте.
Ішкі істер министрлігі бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатқанын хабарлады.
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2026
Астанада полицейлерден қашқан жігіттің көлігінен есірткі табылды
Жаңалықтар
0