https://sputnik.kz/20260508/los-andzheles-olimpiadasy-eskek-esuden-litsenziyalyq-zharysqa-qatysatyn-sportshylar-anyqtaldy-63279727.html
Лос-Анджелес Олимпиадасы: ескек есуден лицензиялық жарысқа қатысатын спортшылар анықталды
Лос-Анджелес Олимпиадасы: ескек есуден лицензиялық жарысқа қатысатын спортшылар анықталды
Sputnik Қазақстан
Халықаралық федерацияның ережесі бойынша лицензияға үмітті әр спортшы жыл ішінде кемі 3 рейтингтік жарыста бақ сынауы керек 08.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-08T20:12+0500
2026-05-08T20:12+0500
2026-05-08T20:12+0500
министрлік
лицензия
венгрия
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/18/59040380_56:185:1007:720_1920x0_80_0_0_7c41d69fe23aa33e6e0b3534e619eb46.jpg
АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. Ескек есуден лицензиялық әлем кубогына қатысатын Қазақстан командасы анықталды, деп хабарлайды туризм және спорт министрлігі.8-10 мамыр аралығында Мажарстанның Сегед қаласында байдарка мен каноэде ескек есуден әлем кубогы өтеді.Мұнда 2028 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының рейтинг ұпайлары сарапқа салынады. Жуырда Қытайдың Хэфэй қаласында өткен Азия чемпионатында топ жарған Ұлттық құрама спортшысы - Ольга Шмелёва мен Стелла Суханова (екеуі де байдарка) алдағы күндері жүлдеге таласады. Қазақстан құрамасының толық тізімі мынадай:Айта кетейік, осы маусымда үш әлем кубогы өтеді. Мажарстаннан соң ескек есу шеберлері Бранденбург (Германия, 14-17 мамыр) пен Монреальға (Канада, 9-12 шілде) аттанады.
https://sputnik.kz/20260225/toqaev-xxv-qysqy-olimpiada-oyyndarynyn-chempiony-mikhail-shaydorovty-marapattady-61440352.html
венгрия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/18/59040380_160:126:952:720_1920x0_80_0_0_e6a84678191efc80805fc48d78d92a4e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министрлік, лицензия, венгрия
министрлік, лицензия, венгрия
Лос-Анджелес Олимпиадасы: ескек есуден лицензиялық жарысқа қатысатын спортшылар анықталды
Халықаралық федерацияның ережесі бойынша лицензияға үмітті әр спортшы жыл ішінде кемі 3 рейтингтік жарыста бақ сынауы керек
АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. Ескек есуден лицензиялық әлем кубогына қатысатын Қазақстан командасы анықталды, деп хабарлайды туризм және спорт министрлігі.
8-10 мамыр аралығында Мажарстанның Сегед қаласында байдарка мен каноэде ескек есуден әлем кубогы өтеді.
Мұнда 2028 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының рейтинг ұпайлары сарапқа салынады. Жуырда Қытайдың Хэфэй қаласында өткен Азия чемпионатында топ жарған Ұлттық құрама спортшысы - Ольга Шмелёва мен Стелла Суханова (екеуі де байдарка) алдағы күндері жүлдеге таласады. Қазақстан құрамасының толық тізімі мынадай:
Байдарка - Ольга Шмелёва, Бекарыс Раматулла, Сергей Токарницкий, Стелла Суханова, Игорь Ряшенцев, Татьяна Токарницкая, Дмитрий Холмогоров, Кирилл Тубаев, Артём Терещенко,
Каноэ - Руфина Искакова, Ульяна Киселёва, Маргарита Торлопова, Мария Бровкова, Полат Төребеков, Ольга Сурмина.
"Біз үшін Азия чемпионатынан бастап Олимпиадаға ұпай жинайтын кезең басталды. Бұл жолы командамыз Мажарстандағы әлем кубогында. Халықаралық федерацияның ережесі бойынша лицензияға үмітті әр спортшы жыл ішінде кемі 3 рейтингтік жарыста бақ сынауы керек. Ал осылардың ішінде ең көп ұпай әлем чемпионатында беріледі",-деді Ұлттық құраманың бас бапкері Қайсар Нұрмағамбетов.
Айта кетейік, осы маусымда үш әлем кубогы өтеді. Мажарстаннан соң ескек есу шеберлері Бранденбург (Германия, 14-17 мамыр) пен Монреальға (Канада, 9-12 шілде) аттанады.