https://sputnik.kz/20260508/biznesmenderge-komek-beretin-ortalyq-ashylady---ukimet-63271451.html
Бизнесмендерге көмек беретін орталық ашылады - үкімет
Бизнесмендерге көмек беретін орталық ашылады - үкімет
Sputnik Қазақстан
Бұл орталық жаңадан құрылған және қамқорлық жасайтын деңгейдегі бизнеске, сосын жолайрықта тұрған кәсіпкерлерге көмектеседі 08.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-08T15:39+0500
2026-05-08T15:39+0500
2026-05-08T15:42+0500
бизнес
көмек
үкімет
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0c/16012476_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_345101924c9537d3d7d8ff210f5c33ae.jpg
АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. Қазақстанда бизнесмендерге арналған оңалту орталығы ашылады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Үкіметтің талдауына сәйкес, бүгінде қиын жағдайға тап болған кәсіпкерлерге көмек беру жүйесі жоқ.Оның айтуынша, жақын арада орталықтың ашылғаны жайында ақпарат жарияланады."Бұл орталық жаңадан құрылған және қамқорлық жасайтын деңгейдегі бизнеске, сосын жолайрықта тұрған кәсіпкерлерге көмектеседі", - деді вице-премьер.
https://sputnik.kz/20260505/taldyqorgandagy-zhylu-zhelilerin-zhondeuge-ukimet-rezervinen-57-mlrd-tenge-bolindi-63185132.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0c/16012476_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_3a3a7741c08657a43ca67156af6803c2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бизнес, көмек, үкімет
Бизнесмендерге көмек беретін орталық ашылады - үкімет
15:39 08.05.2026 (жаңартылды: 15:42 08.05.2026) Бұл орталық жаңадан құрылған және қамқорлық жасайтын деңгейдегі бизнеске, сосын жолайрықта тұрған кәсіпкерлерге көмектеседі
АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. Қазақстанда бизнесмендерге арналған оңалту орталығы ашылады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкіметтің талдауына сәйкес, бүгінде қиын жағдайға тап болған кәсіпкерлерге көмек беру жүйесі жоқ.
"Шыны керек, бізде бизнес жабылғанда немесе бизнесмен қиын жағдайға тап болғанда көмек сұрайтын жері жоқ. Мысалы, сол жерге барып, проблемамды тауып беріңдерші деп көмек сұрайтын. Соған талдау жасап, проблемаң басқаруда немесе бюрократияда деп айтатын мамандар болмай тұр. Осыған байланысты біз "Даму" қоры жанынан оңалту орталығын құруға шешім қабылдадық", - деді Жұманғарин үкіметтегі брифингте.
Оның айтуынша, жақын арада орталықтың ашылғаны жайында ақпарат жарияланады.
"Бұл орталық жаңадан құрылған және қамқорлық жасайтын деңгейдегі бизнеске, сосын жолайрықта тұрған кәсіпкерлерге көмектеседі", - деді вице-премьер.