Алматыда инвестор меншігінде болған бөгет мемлекет меншігіне неге қайтарылады

© Sputnik / Тимур БатыршинОзеро Иссык
Озеро Иссык  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.05.2026
Жазылу
Гидротехникалық нысан ұзақ жылдар бойы күрделі жаңғырту мен кешенді қалпына келтіру жұмыстарын көрмеген
АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. Алматы облысында Есік көліндегі бөгет мемлекет меншігіне қайтарылады, деп хабарлайды облыстық әкімдік.
Инвестор нысанды қауіпсіз пайдалану және жаңғырту жобасын іске асырмаған.
Бөгет пен оған іргелес аумағы 140 гектардан асатын стратегиялық маңызы бар гидротехникалық нысан ұзақ жылдар бойы күрделі жаңғырту мен кешенді қалпына келтіру жұмыстарын көрмеген.
"Сондықтан 2024 жылдың соңында ашық тендер қорытындысы бойынша бөгет пен оған іргелес аумақ сатып алу құқығынсыз 49 жыл мерзімге "Habel" серіктестігіне сенімгерлік басқаруға берілген", - дейді әкімдікте.
Инвестор жоба аясында бөгетке көпфакторлы зерттеу жүргізу, гидротехникалық құрылысты реконструкциялау, мониторинг және қауіпсіздік жүйелерін енгізу, тазарту жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ туристік инфрақұрылымды дамытуы қажет еді. Алайда инвестор өз міндетін орындамаған.
"Жоспарланған 245 миллион теңге инвестицияның алғашқы жылы іс жүзінде небәрі 11,4 миллион теңгесі ғана салынған, бұл көзделген көлемнің 5 пайызынан да аз. Сонымен қатар жоспарланған жұмыс орындары ашылмаған", - дейді облыстық әкімдікте.
Бұдан бөлек, былтырғы жылдың қарашасына дейін дайындалуы тиіс бөгетті көпфакторлы зерттеу қорытындысы белгіленген мерзімде ұсынылмаған, сондай-ақ міндетті жылдық есеп тапсырылмаған.
Қазіргі уақытта нысанды мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізілуде.
Сбор урожая - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.05.2026
Жарты миллион гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды
Жаңалықтар
0