https://sputnik.kz/20260507/zharty-million-gektar-auyl-sharuashylygy-zheri-memleket-menshigine-qaytaryldy-63249324.html
Жарты миллион гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды
Жарты миллион гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды
Sputnik Қазақстан
2026 жылдың ортасына дейін жерді кезең-кезеңімен қайта бөлу жоспары бекітілген 07.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-07T16:21+0500
2026-05-07T16:21+0500
2026-05-07T16:25+0500
жер
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/02/47493746_0:66:1280:786_1920x0_80_0_0_81d57074762b237fcef91f5587496abc.jpg
АСТАНА, 7 мамыр – Sputnik. 563 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Жер ресурстарын басқару комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.Соңғы төрт айдың ішінде жер заңнамасын бұзудың 261 фактісі анықталды. Тексерістің нәтижесінде 340 мың гектар ауыл шаруашылығы жерін игеру жұмыстары басталды.Бүгінде мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2026 жылдың ортасына дейін жерлерді кезең-кезеңімен қайта бөлу жоспары бекітілген. 2026 жылғы 20 сәуірдегі жағдай бойынша жоспарланған 13,5 млн гектардың 10,8 млн гектары айналымға енгізілді. Бірақ Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау мен Ұлытау облыстарында бұл жұмыс баяу атқарылып жатыр.Жер ресурстарын ұтымды пайдалануын бақылау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысында вице-премьер Серік Жұманғарин президент тапсырмасы толық орындау қажеттігін ерекше атап өтті.“Ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға қайтару жұмыстарын жеделдету қажет. Жекелеген өңірлердің белгіленген мерзімдерден кешігуіне болмайды. Жұмысты күшейтіңіздер”, — деді Жұманғарин.2026 жылғы 1 шілдеге дейін қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлерін толық көлемде айналымға енгізу, жайылымдарды басқару жоспарларын бекітуді аяқтау, жайылым инфрақұрылымын дамытуға қаржы қарастыру, халықпен түсіндіру жұмыстарын күшейту, сондай-ақ пайдаланылмай жатқан жерлерді, соның ішінде елді мекендер аумағында анықтау жұмыстарын ынталандыру тапсырылды.
https://sputnik.kz/20260506/zher-komissiyalarynyn-zhumysy-toqtatylady-63210716.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/02/47493746_72:0:1208:852_1920x0_80_0_0_62e2de05c765ecfe8ea30bb51428c9d7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жер
Жарты миллион гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды
16:21 07.05.2026 (жаңартылды: 16:25 07.05.2026) 2026 жылдың ортасына дейін жерді кезең-кезеңімен қайта бөлу жоспары бекітілген
АСТАНА, 7 мамыр – Sputnik. 563 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Жер ресурстарын басқару комитетінің
ресми сайтына сілтеме жасап.
Соңғы төрт айдың ішінде жер заңнамасын бұзудың 261 фактісі анықталды. Тексерістің нәтижесінде 340 мың гектар ауыл шаруашылығы жерін игеру жұмыстары басталды.
"Қазіргі кезде жалпы ауданы 357,5 мың гектар жер телімдерін мәжбүрлеп қайтару мәселесі сот тәртібімен қаралуда. Тұтастай алғанда, мемлекет меншігіне 563 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы алқаптары қайтарылды" , - делінген ресми хабарламада.
Бүгінде мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2026 жылдың ортасына дейін жерлерді кезең-кезеңімен қайта бөлу жоспары бекітілген. 2026 жылғы 20 сәуірдегі жағдай бойынша жоспарланған 13,5 млн гектардың 10,8 млн гектары айналымға енгізілді. Бірақ Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау мен Ұлытау облыстарында бұл жұмыс баяу атқарылып жатыр.
Жер ресурстарын ұтымды пайдалануын бақылау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысында вице-премьер Серік Жұманғарин президент тапсырмасы толық орындау қажеттігін ерекше атап өтті.
“Ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға қайтару жұмыстарын жеделдету қажет. Жекелеген өңірлердің белгіленген мерзімдерден кешігуіне болмайды. Жұмысты күшейтіңіздер”, — деді Жұманғарин.
2026 жылғы 1 шілдеге дейін қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлерін толық көлемде айналымға енгізу, жайылымдарды басқару жоспарларын бекітуді аяқтау, жайылым инфрақұрылымын дамытуға қаржы қарастыру, халықпен түсіндіру жұмыстарын күшейту, сондай-ақ пайдаланылмай жатқан жерлерді, соның ішінде елді мекендер аумағында анықтау жұмыстарын ынталандыру тапсырылды.