Жамбыл облысында бес күн бұрын жоғалған шопан табылды

© Sputnik / Alexey Malgavko / Медиабанкке өтуОвцы возле Белой скалы в Крыму
Овцы возле Белой скалы в Крыму - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.05.2026
Жазылу
АСТАНА, 7 мамыр – Sputnik. Жамбыл облысы Меркі ауданында бес күн бұрын жоғалған қойшы 30 шақырым шалғай жерден табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
2 мамырда 42 жастағы ер адам құмды аймақта орналасқан қыстақтан мал жаюға шығып, хабар-ошарсыз кеткен. Оны іздестіруге құтқарушылар, полицейлер, орманшылар мен кинологтар шыққан. Тіпті, ұшқышсыз ұшу аппараттары және "Қазавиақұтқару” компаниясының тікұшақтары жұмылдырылды.
"Ол жоғалған жерден 35 шақырым қашықтықтағы шаруа қожалықтарының бірінің аумағынан табылды. Оған медициналық көмек қажет болмады",- дейді құтқарушылар.
Қойшының жоғалған малы да табылды.
Жылқылар - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.01.2026
Ұлытау облысында жылқы іздеуге шыққан үш адам жоғалып кетті
Жаңалықтар
0