Ұлытау облысында жылқы іздеуге шыққан үш адам жоғалып кетті

© Sputnik / Константин Михальчевский / Медиабанкке өтуЖылқылар
Жылқылар - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.01.2026
Жазылу
Жоғалғандар 5 сағаттан кейін Қаракеңгір ауылынан шамамен 30 шақырым жерден табылды
АСТАНА, 4 қаңтар - Sputnik. Ұлытау облысында жылқы іздеуге шыққан үш адам жоғалып кетті, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Қаңтардың 3-нен 4-не қараған түні Ұлытау облысында Бостұмсық ауылының маңында жылқы іздеуге шыққан адамдар жоғалып кетті.
"1997, 1972 және 1968 жылы туған үш ер адамды іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді. Іздестіруге ТЖМ, жергілікті атқарушы органның және полиция күштері мен құралдары дереу жұмылдырылды", - дейді департаментте.
Қозғалыс қиын жағдайда құтқарушылар қар басып қалған жолдарды тазалап, іздестіру топтарының қозғалысын қамтамасыз етті. Сонымен қатар ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылды.
Жоғалғандар 5 сағаттан кейін Қаракеңгір ауылынан шамамен 30 шақырым жерден табылды. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
Жайлау - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2025
Қостанай облысында ер адам мал іздеймін деп жоғалып кетті
Жаңалықтар
0